97 - The Power - Al-Qadr
:1
Ақиқатында, Біз оны / Құранды / Қадр түнінде түсірдік.
:2
/ Ей, Мұхаммед! / Қадр түнінің не екенін саған не білдірді?
:3
Қадр түні - мың айдан қайырлы.
:4
Періштелер және Рух / Жәбірейіл / онда / бұл түні / өздерінің Раббысының рұқсатымен барлық істермен түседі.
:5
Ол - таң рауандағанға дейінгі сәлам / амандық / түні.