Бүкіл Ислам кітапханасы

1 - The Opener - Al-Fātiĥah

:1

Аса Қайырымды, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен

:2

Барлық мақтау әлемдердің Раббысы - Аллаһқа,

:3

аса Қайырымды, ерекше Мейірімдіге ,

:4

Есеп күнінің Билеушісіне!

:5

Саған ғана құлшылық жасаймыз әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз!

:6

Бізді тура жолмен жүргізе гөр,

:7

игілікке бөлегендеріңнің жолымен! Ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолымен емес!