Бүкіл Ислам кітапханасы

96 - The Clot - Al-`Alaq

:1

/ Ей, Мұхаммед! / Оқы, жаратқан Раббыңның атымен,

:2

адам баласын ұйыған қаннан жаратқан!

:3

Оқы! Әрі сенің Раббың аса Жомарт,

:4

Ол қалам арқылы үйретті,

:5

Адамға, ол білмегенді үйретті.

:6

Жоқ, күмәнсіз, адам баласы шектен шығады,

:7

өзін бай, мұқтажсыз санағанынан.

:8

Ал, анығында, қайту - Раббыңа.

:9

Көрдің бе, кедергі жасағанды,

:10

бір құлға, ол намаз оқыған кезде?

:11

Айтшы, егер ол тура жолда болған болса,

:12

немесе тақуалықты / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануды / бұйырған болса?

:13

Көрдің бе, оның өтірікке шығарғанын және теріс айналғанын,

:14

сонда ол Аллаһтың көріп тұрғанын білмей ме?

:15

Жоқ, олай емес! Егер ол осылай істегенін тоқтатпаса, сөзсіз Біз кекілден ұстаймыз.

:16

Өтірікші, біле тұра қателесуші кекілден.

:17

Қане, шақырсын ол жақтастарын.

:18

Біз де сақшыларды шақырамыз.

:19

Олай емес! / Ей, Мұхаммеді / Сен оған бағынба. / Раббыңа / сәжде қыл және жақындай түс!