Бүкіл Ислам кітапханасы

95 - The Fig - At-Tīn

:1

Ант етемін әнжір және зәйтүнмен,

:2

және Синин тауымен

:3

және осы қауіпсіз қаламен

:4

Ақиқатында, адамды көркем бейнеде жараттық.

:5

Кейін оны төмендердің төменіне қайтардық.

:6

Ал, сондай иманға келген және ізгі іс істегендер - басқа. Оларға таусылмайтын сый бар.

:7

Осыдан кейін Есеп беруді өтірік деуге сені не итермелейді?

:8

Аллаһ үкім шығарушылардың ең әділ үкім берушісі емес пе?