Бүкіл Ислам кітапханасы

98 - The Clear Proof - Al-Bayyinah

:1

Кітап берілген қауымнан күпірлік еткендер / Аллаһқақарсы келгендер / және мүшріктер / Аллаһқа серік қатушылар / ажырамаған еді, өздеріне бір ашық дәлел келгенге дейін, -

:2

пәк жазбаларды оқитын Аллаһ тарапынан жіберілген Елші.

:3

Оларда ең тура үкімдер бар.

:4

Кітап берілгендер, өздеріне ашық дәлел келгеннен кейін ғана бөлінді.

:5

Ал олар, ханиф болған / Аллаһты бірлеген / түрде Оған діндерін / серік қосудан / тазартып, құлшылық етуден, намазды орындаудан, зекетті беруден басқаға бұйырылмаған еді. Міне, осы - туралық діні.

:6

Ақиқатында, Кітап берілген қауымнан күпірлік еткендері / Аллаһтың Кітаптарын және Елшілерін мойындамағандар / және мүшріктер / Аллаһқа серік қосушылар / Жаһаннам отында мәңгілік қалады. Міне, солар - жаратылғандардың ең жаманы.

:7

Анығында, иманға келген және ізгі амал жасағандар, міне, солар - жаратылғандардың қайырлысы.

:8

Раббысы алдындағы олардың сыйлары - астынан өзендер ағып жататын ’Адн бақтары. Олар онда мәңгі қалушылар. Аллаһ олардан разы, олар да Одан разы. Міне, бұл - Раббысынан қорыққандар үшін.