Бүкіл Ислам кітапханасы

92 - The Night - Al-Layl

:1

Ант етемін, / қараңғылығы / жапқан кездегі түнмен

:2

және жарық болған кездегі күндізбен,

:3

әрі ер мен әйелді Жаратқанмен.

:4

Негізінде, сендердің ұмтылыстарың әртүрлі.

:5

Ал, кім берсе және тақуалық етсе / Раббысының жазасынан қорқып, сақтанса / ,

:6

әрі ең жақсыны шын деп білсе,

:7

жақында Біз оған ең жеңілін оңайластырамыз.

:8

Ал, кім сараңдық істесе, қажетсінбесе

:9

және ең жақсыны өтірік деп білсе,

:10

жақында Біз оған ең ауырын оңайластырамыз.

:11

Ол құлағанда, дүние-мүлкі оған пайда бермейді.

:12

Анығында, тура жолмен жүргізу - Бізге тән.

:13

Әрі шын мәнінде соңғы, мәңгілік өмір де / ақирет те / және алғашқысы да / осы өмір де / Біздікі.

:14

Міне, Мен сендерді жалындаған Оттан / сақтандырып / ескерттім,

:15

оған ең бақытсыз ғана кіреді,

:16

сондай өтірік деп, теріс бұрылғандар.

:17

Одан тақуалық еткендер / Аллаһтың жазасынанқорқып, сақтанғандар / ғана алыстатылады,

:18

сондай, мал-дүниесінен беріп тазарған,

:19

біреулерге беруге міндетті болмасада,

:20

ол тек аса жоғары Раббысының дидарына ұмтылып қана / береді / .

:21

Әрі ол сөзсіз, жақында разы болады.