Бүкіл Ислам кітапханасы

91 - The Sun - Ash-Shams

:1

Күн және оның жарығымен,

:2

әрі оның соңынан ілескен кездегі аймен,

:3

және оны / күнді / анық көрсеткен кездегі күндізбен,

:4

әрі оны жапқан кездегі түнмен.

:5

Аспан және оны тұрғызғанмен,

:6

әрі жермен және оны Жайғанмен,

:7

және жанмен әрі оны лайықтап Жасағанмен,

:8

сөйтіп оған / жанға / бұзықтықты әрі тақуалықты / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануды / Білдірушімен ант етемін.

:9

Оны / жанды / тазартқан мұратына жетті.

:10

Ал, оны / күнәға / батырған зиянға ұшырады.

:11

Шектен шығулары себепті Сәмұд елі / Елшіні / өтірікшіге шығарды.

:12

Сонда олардың ең бақытсызы қозғалғанда,

:13

Аллаһтың елшісі / Салих / оларға: «Аллаһтың түйесіне әрі оның суарылуына / тиіспеңдер / », - деді.

:14

Ал, олар болса оны / Елшіні / өтірікшіге шығарып, оның / түйенің / тірсегін кесті / өлтірді / . Сонда, Раббысы олардың қылмыстары үшін бәріне бірдей апат жіберді.

:15

Әрі Ол / Аллаһ / оның салдарынан қауіптенбейді.