93 - The Morning Hours - Ađ-Đuĥaá
:1
Сәскемен ант етемін,
:2
және қоюланған түнмен ант етемін.
:3
/ Ей, Мұхаммед! / Раббың сені тастап кетпеді және жеккөрген де жоқ.
:4
Әрі күмәнсіз, сен үшін соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / , алғашқысынан / осы өмірден / қайырлы.
:5
Әрі сөзсіз, жақында Раббың саған береді де сен разы боласың.
:6
Ол сені жетім күйде тауып, паналатпады ма?
:7
Әрі адасқан түрде тауып, тура жолға салмады ма,
:8
және кедей халде тауып, байытпады ма?
:9
Енді сен де жетімді қор санама,
:10
сұраушыны зекіп, қума.
:11
Әрі Раббыңның игілігі жайлы айт.