Бүкіл Ислам кітапханасы

88 - The Overwhelming - Al-Ghāshiyah

:1

/ Ей, Мұхаммед! / Саған Fашияның хабары келді ме?

:2

Ол күні / кейбір / жүздер қорланған болады,

:3

амал етуші, шаршаған,

:4

/ олар / ыстығы қатты отқа жанады,

:5

қатты қайнап тұрған бастаудан ішкізіледі.

:6

Оларға «дариъден» / ұлы тікеннен / басқа ешбір тамақ жоқ,

:7

ол оңалтпайды да, аштықты да баспайды.

:8

Сол күні / кейбір / жүздер шаттықта,

:9

амал, әрекеттеріне разы,

:10

биік бақтарда болады.

:11

Олар ол жерде бос сөз естімейді.

:12

Ол жерде ағып жатқан бұлақ бар.

:13

Онда жоғары көтерілген жайлы орындар,

:14

әрі қойылған кеселер,

:15

және тізілген жастықтар,

:16

жайылған кілемдер бар.

:17

Олар түйеге, оның қалай жаратылғанына назар салмай ма,

:18

әрі аспанға, оның қалай көтерілгеніне,

:19

және тауларға, оның қалай тұрғызылғанына,

:20

әрі жерге, оның қалай төселгеніне?

:21

/ Ей, Мұхаммед! / Еске сал, анығында сен тек еске салушысың.

:22

Сен оларға күшпен үстемдік етуші емессің.

:23

Алайда кім теріс бұрылса және күпірлік етсе / қарсы келсе / ,

:24

онда Аллаһ оны ең үлкен азаппен қинайды.

:25

Ақиқатында, олардың қайтуы - Бізге.

:26

Содан кейін, күмәнсіз, олардың есебі - Бізде.