Бүкіл Ислам кітапханасы

87 - The Most High - Al-'A`lá

:1

/ Ей, Мұхаммед! / Аса жоғары Раббыңның есімін пәк деп дәріпте.

:2

Ол жаратып, / орын-орнымен / теңестірген

:3

және алдын ала белгілеп, бағыттаған,

:4

әрі жайылымдарды шығарған,

:5

кейін оны қурап, қарайған қоқымға айналдырған.

:6

/ Ей, Мұхаммед! / Біз саған / Құранды / оқытамыз, сен есіңнен шығармайсың,

:7

тек Аллаһтың қалағанын ғана / ұмытасың / . Шын мәнінде, Ол жарияны да және жасырылғанды да біледі.

:8

Әрі Біз саған ең жеңілін оңайластырамыз.

:9

Естеріне салу пайда беретін болса, естеріне сал.

:10

/ Аллаһтың жазасынан / қорыққан есіне алады.

:11

Ал, одан ең бақытсыз ғана өзін аулақ ұстайды -

:12

үлкен отта жанатын.

:13

Кейін ол онда өлмейді де, өмір де сүрмейді.

:14

Сөзсіз, мұратына жетті - өзін тазартқан,

:15

әрі Раббысының есімін еске алған және намаз оқыған.

:16

Алайда сендер осы өмірді артық көресіңдер.

:17

Ал, соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / қайырлы әрі тұрақты.

:18

Анығында, бұл әуелгі жазбаларда бар,

:19

Ибраһим және Мұсаның жазбаларында / оларға түсірілген сухуфтарда / .