Бүкіл Ислам кітапханасы

86 - The Nightcommer - Aţ-Ţāriq

:1

Аспанмен және Тариқпен / жарық жұлдызбен / ант етемін.

:2

/ Ей, Мұхаммед / / Тариқтың / жарық жұлдыздың / не екенін саған не білдірді?

:3

Ол / жарығы / өткір жұлдыз.

:4

Анығында, әрбір жанның үстінде сақтаушы бар.

:5

Ал енді адам / өзінің / не нәрседен жаратылғанына бір қарасын.

:6

Ол атылып шыққан судан жаратылған.

:7

Бел / сүйегі / мен көкірек сүйегінің арасынан шығады.

:8

Ақиқатында, Ол оны қайтаруға күші жетеді.

:9

Сырлар сынаққа тартылған сол күні,

:10

оның / кәпірдің / күші-қуаты да, көмек берушісі де болмайды.

:11

Қайталаушы / жаңбырлы / аспанмен ант етемін.

:12

Тілімденіп айырылушы жермен ант етемін.

:13

Анығында ол / Құран / - айырушы Сөз,

:14

ол - әзіл емес.

:15

Негізінде, олар / имансыздар / қулықпен айлакерлік түзуде,

:16

Мен де / айла-шарғыларынақарсы / шара қолданамын.

:17

/ Ей, Мұхаммед! / Кәпірлерге уақыт бер де оларды аз ғана кейінге қалдыр.