Бүкіл Ислам кітапханасы

85 - The Mansions of the Stars - Al-Burūj

:1

Шоқжұлдызды аспанмен ант етемін,

:2

және уәде етілген Күнмен.

:3

Куәлік берушімен және куәлік берілгенмен ант етемін.

:4

Жойылып кетсін ордың иелері,

:5

ішінде отыны бар отты / ордың / .

:6

Сол кезде олар оның / ордың / маңында отырған еді,

:7

имандыларға / мүміндерге / не істегендеріне өздері куә болып.

:8

Ал, олар бұларға / мұсылмандарға / тек бәріненҮстем, аса Мақтаулы Аллаһқа сенгендіктері үшін ғана өшікті.

:9

Ол / Аллаһ / сондай, аспандардың және жердің иелігі - Онікі. Әрі Аллаһ барлық нәрсенің үстінен Куә / Шаһид / .

:10

Ақиқатында, иманды / мүмін / ерлер мен иманды әйелдерді сынаққа салып / азаптап / , кейін істеген күнәларына шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтпағандарға / тәубе қылмағандарға / - міне, соларға Жаһаннамның азабы әрі Оларға өртеуші оттың азабы бар.

:11

Анығында, иманға келген және ізгі амал істегендерге астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтар бар. Бұл - үлкен жетістік.

:12

Шын мәнінде, Раббыңның қолға алуы - өте қатты.

:13

Ақиқатында, Ол бастайды / бастапқыда жаратып / әрі қайталайды.

:14

Әрі Ол - өте Кешірімді, аса жақсы көруші,

:15

Аршының Иесі, аса дәріптеліп Мақтаулы,

:16

қалаған нәрсесін әрқашан Жасаушы.

:17

/ Ей, Мұхаммед! / саған әскерлердің хабары келді ме?

:18

Фиръаун және Сәмүдтықтардың?

:19

Бірақ, кәпірлер өтірікке шығаруда.

:20

Ал, Аллаһ оларды сыртынан / алды-артынан / орап, қамтып тұрушы.

:21

Сөзсіз, ол - ұлы Құран,

:22

Ләухул-Махфузда.