Бүкіл Ислам кітапханасы

84 - The Sundering - Al-'Inshiqāq

:1

Аспан айрылған кезде,

:2

және Раббысына бойсұнып әрі міндетті болып.

:3

Әрі жер созылып,

:4

ішіндегісін шығарып, босаған кезде,

:5

Раббысына бойсұнып, міндетті болып.

:6

Ей, адам! Негізінде сен іс-әрекеттеріңмен Раббыңа қарай ұмтылып бара жатырсың, сөйтіп Оған жолығасың.

:7

Сонда, кімге кітабы / амал дәптері / оң жағынан берілсе,

:8

жеңіл есеппен есептеліп,

:9

/ жәннаттағы / үй ішіне қуанған күйде қайтады.

:10

Ал, кімге кітабы арқа жағынан берілсе,

:11

ол сонда өлім тілейді де,

:12

Саъирға (Тозақтың бір аты. Мағнасы - жалынды от) кіреді.

:13

Ақиқатында ол / осы өмірде / үй-ішіндегілері арасында мәз-мәйрам болған еді.

:14

Анығында ол, қайтпаймын деп ойлайтын.

:15

Жоқ, олай емес! Шын мәнінде Раббысы оны көруші.

:16

Жоқ! Кешкі шапақпен ант етемін,

:17

және түнмен әрі ол жинаған нәрселермен,

:18

және толған кездегі айменен.

:19

Сендер міндетті түрде, бір халден басқа бір халге өтесіңдер.

:20

Сонда оларға не болды, иманға келмейтіндей,

:21

әрі оларға Құран оқылған кезде, сәжде етпейтіндей?!

:22

Алайда, күпірлік етушілер / Аллаһқа қарсы келушілер / хақты өтірікке шығарады.

:23

Ал, Аллаһ олардың жасырған нәрселерін жақсы білуші.

:24

/ Ей, Мұхаммед! / Сондықтан оларды күйзелтуші азаппен «сүйіншіле».

:25

Ал, сондай иманға келген және ізгі амал істегендер басқа. Оларға таусылмайтын сый бар.