Бүкіл Ислам кітапханасы

83 - The Defrauding - Al-Muţaffifīn

:1

Өлшеу-тартуда кемітушілерге қасірет бар!

:2

Солар, қашан адамдардан өлшетіп алса, толық өлшеп алатындар,

:3

ал, егер өздері өлшеп немесе тартып беретін болса, кемітеді.

:4

Олар өздерінің қайта тірілетіндіктерін ойламай ма,

:5

ұлы Күн үшін?

:6

Ол күні адамдар әлемдердің Раббысының алдында тұрады.

:7

Жоқ! Әлбетте, бұзықтардың кітабы сөзсіз сижжинде болады.

:8

Сижжиннің не екенін саған не білдірді?

:9

Жазылған кітап.

:10

Өтірікке шығарушыларға ол Күні қасірет бар,

:11

солар - Қайтарым күнін өтірікке шығаратындар.

:12

Ал, оны әрбір шектен шығушы күнәһар ғана өтірікке шығарады.

:13

Оған аяттарымыз оқылғанда, ол: “Әуелгілердің ертегісі”, - деді.

:14

Жоқ, керісінше, олардың жүректерін істеп тапқандары / күнәлары / бүркеп алды / іс-амалдарының кірі басты / .

:15

Жоқ! Анығында, олар ол Күні өздерінің Раббысынан тосылатындар.

:16

Кейін олар, сөзсіз Жахимға кіреді.

:17

Содан соң / Оларға / : “Міне, сендердің өтірікке шығарғандарың - осы!” - деліндеді.

:18

Жоқ! Шын мәнінде ізгілердің кітабы сөзсіз Иллиунда болады.

:19

Иллиунның не екенін саған не білдірді?

:20

Жазылған кітап.

:21

Оны, жақындатылғандар көреді.

:22

Анығында, ізгілер, сөзсіз игілікте,

:23

перделермен сәнделген жұмсақ сәкілерден қарайды.

:24

Олардың жүзінен игіліктің сәулесін көресің.

:25

Олар мөрленген шәрбәттан сусындайды.

:26

Оның сарқыны - жұпар. Талпынушылар, міне осыған ұмтылсын.

:27

Әрі оған Тәсним сусыны қосылған.

:28

Ол - жақындатылғандар ішетін бір бастау.

:29

Ақиқатында, қылмыскерлер иманға келгендерге күлетін,

:30

және олар жандарынан өткенде, бір-біріне көз қысып ымдасатын,

:31

Әрі үйлеріне қайтқан кезде мәз болып, масайрап қайтатын.

:32

Әрі қашан оларды / Мұсылмандарды / көрген кезде: «Сөзсіз, бұлар - шынында да адасқандар», - дейтін.

:33

Алайда өздері олардың үстінен күзетуші етіліп жіберілмеген еді.

:34

Ал, енді бұл / Қиямет / күні иманға келгендер кәпірлердің үстінен күледі,

:35

сәнді перделі сәкілерден қарап.

:36

Кәпірлерге істегендерінің қайтарым жазасы берілді ме?