Бүкіл Ислам кітапханасы

82 - The Cleaving - Al-'Infiţār

:1

Аспан жарылған кезде,

:2

әрі аспан денелері төгілген кезде,

:3

және теңіздер / тасып / , бір-біріне құйылған кезде,

:4

және қабірлер аударылған кезде,

:5

сонда әрбір жан ілгері не жіберілгенін, артына не қалдырылғанын біледі.

:6

Ей, адам баласы! Әл-Кәрим / аса Жомарт / Раббың жайлы сені не алдады?

:7

Ол / Аллаһ / сені жаратты, / дене мүшелерін үйлесімді етіп / теңестірді және / тұлабойыңды / түзулеп,

:8

Өзі қалаған бейнеде сені құрастырды.

:9

Жоқ, сөйтсе де сендер Есеп күнін өтірікке шығарасыңдар.

:10

Ал, шын мәнінде, сендердің үстеріңнен күзетіп тұрушылар бар,

:11

құрметті жазып тұрушылар.

:12

Олар не істеп жатқандарыңды біледі.

:13

Шын мәнінде, ізгілер, сөзсіз игілікте болады,

:14

ал бұзықтар, міндетті түрде Жахимда болады.

:15

Олар оған Есеп күні кіреді

:16

әрі олар одан жоқ болып та құтыла алмайды.

:17

Ал, Есеп күнінің не екенін саған не білдірді?

:18

Сосын тағы да, Есеп күнінің не екенін саған не білдірді?

:19

Сол күні жан / өзге / жан үшін еш нәрсе істей алмайды. Әрі ол күні әмір беру - Аллаһқа ғана тән.