Бүкіл Ислам кітапханасы

81 - The Overthrowing - At-Takwīr

:1

Күн оратылып бүктелген кезде,

:2

әрі жұлдыздар төгілген кезде

:3

және таулар / орнынан / қозғалтылған кезде,

:4

және он айлық буаз түйелер қараусыз қалған кезде,

:5

әрі аңдар жиылған кезде,

:6

және теңіздер отқа айналған кезде,

:7

және жандар топтастырылған кезде,

:8

әрі тірідей көмілген қыз сұралған кезде,

:9

«Қай күнәсі үшін өлтірілді?» - / деп / .

:10

/ Аман / жазбалары таратылған кезде,

:11

және аспан сыдырылып алынған кезде,

:12

және Жахим (Тозақ) жандырылған кезде,

:13

әрі Жәннат жақындатылған кезде

:14

әрбір жан нені дайындап, алып келгенін біледі.

:15

Жоқ! Қайтушылармен ант етемін,

:16

қозғалушы, жасырынушы.

:17

әрі қараңғылығы түсе бастаған түнмен,

:18

және тыныс алып, ағарабастаған таңмен.

:19

Анығында, бұл - ардақты Елшінің сөзі,

:20

күшті және Аршы Иесінің алдында мәртебелі,

:21

оған ол жақта / періштелер / бағынатын, сенімді.

:22

Сендердің жолдастарың жынды емес,

:23

Ол, оны анық көкжиекте көрді.

:24

Әрі ол ғайыпты / уахиды / жеткізуде сараңдық / кемітушілік / істемеді,

:25

және бұл - қуылған шайтанның сөзі емес.

:26

Сонда, қайда барасыңдар?

:27

Ол / Құран / - әлемдер үшін еске салу ғана,

:28

сендерден туралықты ұстануды қалағандар үшін.

:29

Әлемдердің Раббысы Аллаһ қаламайынша, сендер қалай алмайсыңдар.