Бүкіл Ислам кітапханасы

80 - He Frowned - `Abasa

:1

Ол қабағы түсіп, бұрылды,

:2

оған соқыр кісінің келгендігінен.

:3

/ Ей, Мұхаммед! / Сен қайдан білесің, мүмкін ол тазаратын шығар?

:4

Немесе еске алар, сөйтіп еске салу оған пайда берер.

:5

Ал, қажетсінбейтін біреу болса,

:6

сен оған көңіл бөлесің.

:7

Ал, оның тазармауында тұрған саған еш нәрсе жоқ.

:8

Ал біреу саған ынталанып келсе,

:9

әрі / Раббысынан / қорыққан халде,

:10

сен одан / басқаға / көңіл аударасың.

:11

Жоқ, олай емес! Анығында, бұл - бір еске салу.

:12

Кім қаласа, оны есіне алады,-

:13

құрметті жазбаларда / сухуфтарда / ,

:14

жоғары бағаланған тап-таза,

:15

елшілердің / періштелердің / қолында,

:16

қадірлі, игі.

:17

/ Сенбеген / адамның жаны шықсын! Күпірлік етуде / игіліктерді мойындамауда / ол қандай қатты.

:18

Ол / Аллаһ / оны не нәрседен жаратты?

:19

Бір тамшыдан жаратты, әрі белгіледі.

:20

Содан соң оған жолды оңайластырды.

:21

Одан кейін оның жанын алып, / мүрдесін / қабірге қойдырды.

:22

Кейін оны Өзі қалаған кезде қайта тірілтеді.

:23

Жоқ! Ол болса, Оның бұйрығын орындамады.

:24

Ал, енді адам өзінің тамағына, бір көз салып қарасын:

:25

Біз суды мол етіп құйдық / жаудырдық / ,

:26

содан кейін жерді тілімдеп айырдық.

:27

Сөйтіп одан дәнді / дақылдар / өсірдік,

:28

әрі жүзім мен жоңышқаны,

:29

және зәйтүн мен құрманы,

:30

және қалың бау-бақтарды,

:31

сондай-ақ, жемістер мен шөптерді,

:32

сендердің пайдалануларыңа әрі малдарың үшін.

:33

Ал енді Сохха келген кезде,

:34

сол күні адам, туған бауырынан қашады

:35

және анасы мен әкесінен,

:36

әрі әйелі мен балаларынан.

:37

Ол күні әрбір адамды әлек ететін оз ісі бар.

:38

Ол күні / кейбір / жүздер жарқын,

:39

күлімсіреген, қуанышты.

:40

Әрі ол күні / кейбір / жүздерді шаң басып,

:41

олар қарайған болады.

:42

Міне, солар - кәпірлер, бұзықтар.