Бүкіл Ислам кітапханасы

79 - Those who drag forth - An-Nāzi`āt

:1

Қатты тартып, суырып алушылармен,

:2

жеңіл етіп шығарып алушылармен,

:3

және жылдам жүзушілермен,

:4

солай, екпінді озушылармен,

:5

бұйрықты орындаушылармен ант етемін!

:6

Ол күні сілкінуші сілкінеді,

:7

оған артынан келесісі жалғасады.

:8

Ол күні жүректер тітірейді,

:9

көздер қорлана бағынып, төмен қарайды.

:10

Олар / сенбеушілер / : «Біз артқа қайтарыламыз ба?

:11

Егер біз үгітілген сүйекке айналсақ та ма?» - дейді.

:12

Олар: «Ендеше, ол тиімсіз бір қайту екен», - дейді.

:13

Ақиқатында, ол - бар болғаны бір ғана қатты дауыс.

:14

Сонда олар жер бетінде / тіріліп / тұрады.

:15

Саған Мұсаның хабары келді ме?

:16

Кезінде қасиетті Тууа алқабында оған Раббысы үндеді:

:17

«Фиръаунға бар, өйткені ол шектен шықты.

:18

Әрі оған айт: «Сен тазаруды қалайсың ба?

:19

Саған Раббыңа / апаратын / жолды көрсетейін. Сонда сен / Оның жазасынан / қорқатын боласың», - / деп / .

:20

Сөйтіп оған үлкен бір белгі-мұғжизаны көрсетті,

:21

бірақ / Фиръаун / оны өтірікке шығарды және қарсы шықты.

:22

Содан кейін ол теріс айналып, әрекетке кірісті.

:23

Әрі / халқын / жинап, жар салды:

:24

«Мен сендердің ең жоғарғы иелеріңмін», - деп.

:25

Сондықтан Аллаһ, оны соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / және осы өмір азабымен жазалады.

:26

Күмәнсіз, мұнда қорқатындар үшін бір ғибрат бар.

:27

/ Жаратуда / сендерді жарату қиын ба, әлде аспанды ма? Ол оны құрды,

:28

оның төбесін көтеріп, оны теңестірді,

:29

және оның түнін қараңғы етіп, / күндіз / жарығын шығарды.

:30

Әрі одан кейін жерді жайды.

:31

Одан / жерден / оның суы мен жайылымдарын шығарды,

:32

және тауларды бекітіп орнықтырды,-

:33

сендердің пайдалануларың әрі малдарың үшін.

:34

Ал, өте үлкен бір қасірет келген кезде,

:35

сол күні адам не нәрсеге талпынғанын есіне алады,

:36

және көрушілерге Жахим анық көрсетіледі.

:37

Сонда кім шектен шыққан болса,

:38

әрі бұл өмірді артық көрген болса,

:39

онда күмәнсіз, оның баратын орны - Жахим (Тозақ).

:40

Ал, кім Раббысының алдына тұрудан қорқып, өзін құмарлықтан қайтарса,

:41

онда күмәнсіз, оның баратын орны - жәннат.

:42

/ Ей, Мұхаммед! / Олар сенен Сағат / Қиямет / туралы: «Ол қашан болады?», - деп сұрайды.

:43

Ол туралы сен не айта аласың?

:44

Оның / ол жайлы толық мағлұматтың / шегі Раббыңда,

:45

сен тек одан / Есеп күнінен / қорыққандарды ғана ескерте аласың.

:46

Олар оны / қияметті / көрген күні, / дүниеде / бір кеш немесе бір сәске уақыты тұрғандай болады.