Бүкіл Ислам кітапханасы

89 - The Dawn - Al-Fajr

:1

Таңғы араймен ант етемін.

:2

Әрі он түнмен,

:3

және жұп әрі тақпен,

:4

және өтіп бара жатқан түнмен ант етемін.

:5

Міне осылар, ақылына иелік ететіндер үшін / жеткілікті / ант емес пе?

:6

/ Ей, Мұхаммед! / Раббыңның адтықтармен не істегенін көрмедің бе, -

:7

ұзын бағаналары бар Ирамға?

:8

Олардың ұқсасы басқа елдерде жасалмаған еді.

:9

Әрі ойпаттарда жартастарды ойған сәмұдтықтарға,

:10

және қазықтар иесі Фиръаунға.

:11

Олар елдерде шектен шығып,

:12

әрі онда бұзықтықты көбейткен еді.

:13

Сонда Раббың Оларға азап қамшысын жаудырды

:14

Анығында, Раббың сөзсіз бақылап тұрушы.

:15

Адамды Раббысы сынап, оны құрметтесе және игілікке бөлесе, ол: «Раббым мені кұрметтеді»,- дейді.

:16

Ал, қашан оны сынап, ризық-несбесін тарылтса, онда ол: «Раббым мені қорлады»,- дейді.

:17

Жоқ, олай емес! Сендер жетімге ізет көрсетпейсіңдер,

:18

және кедейді тамақтандыруға бір-біріңді қызықтырып, түрткіболмайсыңдар,

:19

әрі мирасты бөлмей, өздерің жейсіңдер.

:20

Сондай-ақ дүние-мүлікті өте қатты жақсы көресіңдер.

:21

Жоқ, олай емес! Жер / сілкініп / теп-тегіс болған кезде,

:22

әрі Раббың және сап-сап болып періштелер келген кезде,

:23

және ол күні Жаһаннам келтірілген кезде - міне, сол күні адам еске түсіреді. Алайда, еске түсіруден оған не пайда?

:24

Ол: «Әттең! Өмірім үшін / ізгі амалдар / жіберген болсам еді»,- дейді.

:25

Сол күні Оның азабындай, ешкім де азаптай алмайды,

:26

әрі Оның бұғаулап байлағанындай ешкім байлай алмайды.

:27

Ей, орнығып, тыныштық тапқан жан!

:28

Раббыңа разы болған және разылығын алған күйде қайт!

:29

Енді құлдарымның қатарына кір!

:30

Әрі Менің жәннатыма кір!