Бүкіл Ислам кітапханасы

76 - The Man - Al-'Insān

:1

Адамға ол еске алынбаған кезінен / жаратылғанға дейін / біраз уақыт өтпеді ме?

:2

Ақиқатында, Біз адам баласын араласқан бір тамшыдан жараттық. Біз оны сынаймыз. Сөйтіп, оны еститін, көретін еттік.

:3

Күмәнсіз, Біз оны тура жолға түсірдік. Ол не шүкір етер / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірер / , немесе күпірлік етер / ол игіліктерді мойындамай теріске шығарар / .

:4

Ақиқатында, Біз, кәпірлер үшін шынжырлар, бұғаулар және Саъирді әзірледік.

:5

Әлбетте ізгілер кафур араластырған кеседен / сусын / ішеді,

:6

Аллаһтың құлдары ішетін бір бұлақтан, олар оны / қалағанынша / ағызады.

:7

лар нәзірді / Аллаһ жолына атағанын / орындайды және жамандығы кең жайылатын Күннен қорқады.

:8

Өздері тамақты қалап тұрғанына қарамастан, оны кедейге, жетімге және тұтқынға жегізеді.

:9

/ Олар!: «Шын мәнінде біз сендерді Аллаһтың дидары үшін тамақтандырамыз. Сендерден сый да, алғыс та қаламаймыз.

:10

Ақиқатында, біз Раббымыздан болатын түнерген, ауыр бір Күннен қорқамыз», - дейді.

:11

Аллаһ оларды сол Күннің жамандығынан сақтап, оларға жарқындық пен қуаныш нәсіп етеді,

:12

және сабыр еткендері үшін оларға / Жәннаттағы / бақ пен жібекті қайтарым сый етіп береді.

:13

Олар онда перделермен сәнделгенжұмсақ сәкілерде сүйеніп отырады. Олар онда күнді де, аязды да көрмейді.

:14

Әрі оларға оның көлеңкелері жақын, ал жемістері төмен иіліп тұрады.

:15

Және оларды күміс ыдыстармен, шыны көзелермен айналып жүреді.

:16

Ал шынысы - күмістен. бұл ыдыстар / сайма-сай / өлшеніп қойылған.

:17

Әрі оларға зәнжәбил / сусыны / араластырылған кеседен ішкізіледі,

:18

«Сәлсәбил» деп аталатын бұлақтан.

:19

Әрі оларды мәңгі жас өрендер айналып / қызмет етіп / жүреді. Оларды көргеніңде, шашылған інжу деп ойлайсың.

:20

Әрі көрген кезде, онда / жәннатта / игілік әрі ұлы патшалықты көресің.

:21

Олардың / жәннаттықтардың / үстерінде жұқа және қалың жасыл жібек киімдер болады, олар күміс білезіктермен безендіріледі, әрі Оларға Раббысы тап-таза сусын ішкізеді.

:22

/ Оларға / : «Ақиқатында, бұл - сендерге қайтарым ретінде берілген сый, сендердің әрекет-талпыныстарың алғысқа бөленді», - делінеді.

:23

/ Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Біз саған Құранды бөліп-бөліп / біртіндеп / түсірдік.

:24

Раббыңның үкіміне сабыр ет. Олардың ішіндегі күнәһарға да, кәпірге де бағынба.

:25

Әрі таңертең және кешке Раббыңның есімін есіңе ал.

:26

Ал, түннің бөлігінде Оған сәжде жаса әрі ұзын түнде Оны дәріпте.

:27

Ақиқатында, бұлар / имансыздар / тез өтетінді / осы дүниені / жақсы көріп, ауыр Күнді / қияметті / арттарына қалдырады.

:28

Біз оларды жаратып, тұла бойын бекіттік. Егер қаласақ, оларды өздеріне ұқсағандармен алмастыра аламыз.

:29

Анығында, бұл - еске салу / насихат / . Енді кім қаласа, Раббысына / апаратын / жол ұстанады.

:30

Алайда, Аллаһ қаламайынша, сендер бұны қалай алмайсыңдар. Ақиқатында, Аллаһ Білуші, аса Дана.

:31

Ол қалағанын мейіріміне кіргізеді. Ал, әділетсіздер үшін Ол күйзелтуші азап әзірледі.