Бүкіл Ислам кітапханасы

75 - The Resurrection - Al-Qiyāmah

:1

Жоқ! Қайта тірілу күнімен ант етемін!

:2

рі жазғырушы жанмен ант етемін!

:3

Адам баласы, Біз сүйектерін жинай алмайды деп есептей ме?

:4

Күмәнсіз, оның саусақтарының ұштарын да қалпына келтіруге күшіміз жетеді.

:5

Алайда, адам алдағы уақытта да бұзық іс істеуді қалайды.

:6

Ол: «Қайта тірілу күні қашан?» - деп сұрайды.

:7

Қашан көз қатты үрейленіп көруден қалғанда,

:8

және ай тұтылған / сәулесі өшкен / ,

:9

әрі күн мен ай біріктірілген кезде,

:10

сол күні адам: «Қашатын жер қайда?»- дейді.

:11

Жоқ! Паналайтын ешқандай орын жоқ!

:12

Ол күні тұрақтар орын - сенің Раббыңда.

:13

Сол күні адам баласына ілгері жібергендері және кейінге қалдырғандары туралы хабар етіледі.

:14

Күмәнсіз, адам өз-өзіне қарсы куәлік береді,

:15

тіпті ол, өз уәж-сылтауларын ортаға салса да.

:16

/ Ей, Мұхаммед! / Оған / уахиды жаттауға / асығып, тіліңді қимылдатпа.

:17

Анығында, оны жинау және оқып беру Біздің міндетімізде.

:18

Ал, Біз оны оқығанда, оның оқылуына ілес,

:19

содан кейін оны түсіндіру - Біздің міндетімізде.

:20

Жоқ! Негізінде, сендер осы өмірді ұнатасыңдар,

:21

ал, соңғы, мәңгілік өмірді / ақиретті / тастап, қалдырып қоясыңдар.

:22

Ол күні кейбір жүздер жайнап,

:23

Раббысына қарайды.

:24

Әрі ол күні кейбір жүздер түнеріп,

:25

Омыртқа үзілетіндей іс / азап / болатынына көздері жетеді.

:26

Жоқ, олай емес! Қашан ол / жан / алқымға жеткен кезде,

:27

әрі «Кім шара көреді», - делінгенде,

:28

және ол, шын мәнінде, бұл - айрылу екенін сезгенде, -

:29

балтыр - балтырға қосылған кезде,

:30

сол күні сенің Раббыңа айдалады.

:31

Өйткені ол шын деп білмеді / сенбеді / және намаз оқымады.

:32

Керісінше, оны өтірік санап, теріс бұрылды,

:33

кейін ол кердеңдей басып, өзінің үй-ішіне кетті.

:34

Сорың құрсын, сенің, сорың құрғыр!

:35

Сосын тағы сорың құрсын, соры қайнағыр!

:36

Адам баласы өз бетімен қараусыз, бос қалдырыламын деп ойлай ма?!

:37

Ол төгілген мәниден / ұрық сұйығынан / бір тамшы емес пе еді?!

:38

Кейін, ол ұйыған қан болды. Сөйтіп ол оны жаратып / тұла бойын үйлестіріп / теңестірді.

:39

Әрі одан екі жыныс: ер және әйел жасады.

:40

Сонда, Оның өліктерді тірілтуге күші жетпей ме?!