Бүкіл Ислам кітапханасы

77 - The Emissaries - Al-Mursalāt

:1

Ант етемін, жалғасты түрде жіберілгендермен,

:2

әрі қатты есушілермен,

:3

және жайып таратушылармен,

:4

және ажыратып айырушылармен,

:5

және еске салынатынды / уахиды / жеткізушілермен / ант етемін / ,

:6

уәж-кешіру ретінде, не ескерту ретінде.

:7

Шын мәнінде, сендерге уәде етіліп жатқан нәрселер, әлбетте орындалады, -

:8

жұлдыздар сөндірілген кезде,

:9

әрі аспан айрылған кезде,

:10

және таулар үгітіліп ұшырылған кезде,

:11

және елшілерге уақыт белгіленген кезде.

:12

Мұрсат қай күнге дейін берілген еді?

:13

Айыру күніне дейін!

:14

/ Ей, Мұхаммед! / Айыру күнінің не екенін саған не білдірді?

:15

Сол күні / Аллаһтың уәдесін / өтірік санаушыларға қасірет бар!

:16

Біз әуелгілерді жойып жібермедік пе?

:17

Сосын одан кейінгілерді де олардың артынан жібереміз.

:18

Біз қылмыскерлерді осылай етеміз.

:19

Сол күні / ақиретті / өтірік санаушыларға қасірет бар!

:20

Біз сендерді болмашы бір сұйықтан жаратпадық па,

:21

әрі оны бір берік жайға / жатырға / орналастырмадық па,

:22

белгілі бір мерзімге дейін?

:23

Біз алдын ала өлшеп белгіледік, қандай жақсы өлшеп, белгілеушіміз!

:24

Сол күні / Аллаһтың құдіретін / өтірік санаушыларға қасірет бар!

:25

Біз жерді жинаушы етпедік пе,

:26

тірілерді және өлілерді.

:27

Әрі онда мызғымас биік болғандарды / тауларды / орнатып, сендерді тұщы сумен қамтамасыз еттік.

:28

Сол күні / Аллаһтың белгілерін / өтірік санаушыларға қасірет бар!

:29

/ Оларға / : «Өздерің өтірік деп санағандарыңа барыңдар,

:30

Үш тармақты көлеңкеге барыңдар.

:31

Оның саясы да жоқ әрі ол жалыннан да қорғамайды.

:32

Ол / тозақ / зәулім ғимараттардай ұшқындарды атып тұрады,

:33

Бейне бір сары түйелерге ұқсаған», - делінеді.

:34

Сол күні / Сот күнін / өтірік санаушыларға қасірет бар!

:35

Бұл - олар сөйлемейтін күн,

:36

әрі оларға ақталуға рұқсат берілмейді.

:37

Сол күні / Есеп күнін / өтірік санаушыларға қасірет бар!

:38

Бұл - Ажырату күні. Біз сендерді де, алдыңғыларды да жинаймыз.

:39

Егер сендерде бірер айла-шарғы болса, Маған жасап көріңдер.

:40

Сол күні / Аллаһтың жазасын / өтірік санаушыларға қасірет бар!

:41

Ал, тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандар / саялар мен бұлақтарда,

:42

көңілдері қалаған жемістер арасында болады.

:43

/ Оларға / : «Жасаған амалдарын, үшін рахаттанып жеңдер, ішіңдер!» - делінеді.

:44

Анығында Біз ықыласпен жақсылық істеушілердің қайтарым сыйын осылай береміз.

:45

Сол күні / Қайтарымды / өтірік санаушыларға қасірет бар!

:46

/ Күнәһарларға / : «Жеңдер әрі аздап пайдалана тұрындар. Себебі сендер - қылмыскерсіңдер» - делінеді.

:47

Сол күні / Қайта тірілуді / өтірік санаушыларға қасірет бар!

:48

Қашан оларға: «Рукуғ жасаңдар», - делінгенде, олар рүкүғ жасамайды.

:49

Сол күні / діни парыздарды / өтірік санаушыларға қасірет бар!

:50

Енді олар бұдан кейін қай сөзге сенеді?!