All Islam Directory
1

Ақиқатында, Біз, Нұхты еліне: «Қауымыңды, оларға жан күйзелтуші азап келместен бұрын ескерт», - деп жібердік.

2

Ол айтты: «Әй, елім, шын мәнінде мен - сендерге анық ескертушімін,

3

Аллаһқа Құлшылық жасаңдар, Одан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар.

4

Ол күнәларыңды кешіреді және сендерге белгіленген бір мерзімге дейін мұрсат береді. Шын мәнінде, Аллаһ белгілеген мерзім жетсе, ол кейінге ұзартылмайды, Егер де сендер білсеңдер», - деп.

5

Ол айтты: «Раббым, ақиқатында мен елімді түнде де, күндіз де / иманға / шақырдым.

6

Алайда, шақыруым олардың кері қашуын ғана арттырды.

7

Ақиқатында, мен оларды Сенің кешіруің үшін шақырған сайын олар саусақтарын құлақтарына тығып, киімдерімен бүркеніп алды және қасарысып, өздерін жоғары қойып, тәкаппарлана түсті.

8

Мен оларды ашық түрде шақырдым.

9

Содан кейін мен оларды жалпы және оңаша / жекеше / түрде де / үгіттедім / .

10

Сондай-ақ: «Өздеріңнің Раббыңнан кешірім тілеңдер, өйткені Ол - көп Кешіруші / Ғаффар / .

11

Ол сендерге аспаннан мол жаңбыр жібереді,

12

сендерді мал-мүліктермен және перзенттермен қолдайды. Сендерге бау-бақшалар өсіріп және сендер үшін өзендер пайда қылады.

13

Сендер неге Аллаһқа бойсұнып, Одан қорықпайсыңдар?

14

Негізінде, Ол сендерді кезең-кезеңдермен жаратты.

15

Аллаһ жеті аспанды қабат-қабат етіп қалай жаратқанын көрмедіңдер ме?

16

Олардың ішінде айды нұр қылып, күнді жарық шығарушы қылды.

17

Аллаһ сендерді жерден / өсімдік секілді / шығарды.

18

Содан кейін сендерді оған қайтарады және қайта шығарады.

19

Әрі Аллаһ сендерге жерді кілем етті,

20

онда кең жолдармен жүрулерің үшін», - деп.

21

Нұх айтты: «Раббым! Ақиқатында, олар мағанбағынбай, сондай, өздеріне мал-дүниесі мен перзенттері зияннан басқаны арттырмаған біреулерге ілесті».

22

Сондай-ақ, олар өте үлкен құлықпен айлакерлік істеді,

23

және / қауымына / айтты: «Сендер ешқашан өз құдайларыңды тастамаңдар. Уадты, Суағты, Яғусты, Яғуқты және Нәсірді еш уақытта тастаушы болмаңдар», - деп.

24

/ Нұх / : «Ақиқатында, бұлар көбін адастырды. Сен де / Раббым / әділетсіздерге адасудан басқаны арттырма!» - деді.

25

Олар біле тұра істеген қателерінің салдарынан суға батырылып әрі отқа кіргізілді. Сөйтіп, олар өздеріне Аллаһтан басқа ешқандай көмек берушілерді таппады.

26

Нұх айтты: «Раббым, кәпірлерден жерде бірде-бір тұрғын қалдырма!

27

Өйткені, Сен оларды қалдырсаң, олар құлдарыңды адастырады және бұзық, кәпірден басқаны көбейтпейді.

28

Раббым, мені, ата-анамды, үйіме иманды болып кіргендерді және иманды ерлер мен иманды әйелдерді кешір! Ал, әділетсіздерге жойылып кетуден басқаны арттырма!» - деді.