Бүкіл Ислам кітапханасы

72 - The Jinn - Al-Jinn

:1

/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Жындардың бір тобының тыңдағаны маған уахи етілді, сонда олар: «Ақиқатында, біз бір ғажап Құранды естідік.

:2

Ол тура жолға салады. Біз оған сендік. Енді Раббымызға ешкімді серік етіп қоспаймыз.

:3

Әрі күдіксіз, Раббымыздың ұлылығы - өте жоғары. Ол Өзіне жұбай да, бала да алған емес.

:4

Ал біздің ішіміздегі жетесіз / Ібіліс / Аллаһ жөнінде шектен шыққан сөз айтатын еді.

:5

Ақиқатында, біз адамдар да, жындар да Аллаһ жөнінде ешқашан өтірік айтпайды деп ойлаған едік.

:6

Адамдардың ішіндегі кейбір кісілер жындардың ішіндегі кейбір еркек жындардан пана сұрап, олардың менменсіп, басынуларын арттыратын еді.

:7

Әрі олар да сендер сияқты «Аллаһ ешқашан, ешкімді қайта тірілтпейді», - деп ойлаған еді.

:8

Анығында, біз аспанға шыққанымызда, оны / аспанды / қатаң күзетшілер мен отты ұшқындар толы түрде таптық.

:9

Әрі расында, біз оның / аспанның / кейбір жайларында тыңдау үшін отыратын едік. Ал, енді кім тыңдамақшы болса, сол сәтте-ақ ол өзін көздеген отты ұшқынға кезігеді.

:10

Шын мәнінде, біз білмейміз, жер бетіндегілерге жамандық көзделді ме әлде оларға өздерінің Раббысы тура жолды қалады ма?

:11

Ақиқатында, біздің арамызда түзулер де бар және арамызда одан өзгелер де бар. Біз түрлі жолдарда едік.

:12

Негізінде, біз Аллаһты / Оның құдіретін / жерде ешқашан әлсірете алмайтынымызды және қашып та Оны / Оның азабын! ешқашан әлсірете алмайтынымызды білдік.

:13

Әрі біз тура жолды естіген соң, оған сендік. Кім Раббысына сенсе, ол / жақсылығының / кемуінен де, әділетсіздіктен де қорықпайды.

:14

Ақиқатында, біздің арамызда мұсылмандар / бойсұнушылар / да бар және арамыз­да ауытқығандар бар. Кім бойсұнса, міне, солар туралықты ұстанған болады.

:15

Ал, ауытқығандар Жаһаннамға отын болады»,- деді.

:16

Егер олар / ауытқығандар / жолда тура / дұрыс / тұрғандарында, онда Біз оларды мол сумен қамтамасыз етер едік,

:17

сонымен оларды сынау үшін. Кім Раббысының Еске салуынан / Құраннан / бет бұрса, Ол оны ауыр азапқа салады.

:18

Әрі ақиқатында, мешіттер Аллаһтікі. Аллаһпен қатар ешкімді шақырмаңдар / құлшылық етпеңдер / ?

:19

Әрі шын мәнінде, Аллаһтың құлы Оған дұға қылып тұрған кезінде, олар / жындар / үсті-үстіне үймелеп, оның үстіне түсе жаздады.

:20

/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Шын мәнінде, мен тек Раббымнан ғана тілеймін, Оған ешкімді серік етіп қоспаймын», - деп.

:21

Айт: «Ақиқатында мен сендерге зиян да тигізе алмаймын әрі тура жолға салу билігіне де ие емеспін», - деп.

:22

Айт: «Ақиқатында мені ешкім Аллаһтан қорғай алмайды әрі мен де Одан басқа бір қорғаныш-пана таба алмаймын.

:23

Мен тек Аллаһтан жіберілгенді әрі Оның тапсырғанын жеткіземін. Енді кім Аллаһқа және Оның елшісіне қарсы келсе, әлбетте, оған Жаһаннам оты бар. Олар онда мәңгі қалады», - деп.

:24

Олар өздеріне уәде етілгенді көрген сәтте, кімнің жәрдемшілерінің әлсіз және саны аз екенін біледі.

:25

/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сендерге уәде етілген нәрсе жақын ба, әлде Раббым оғанұзақ мерзім белгіледі ме, білмеймін», - деп.

:26

Ол - ғайыпты Білуші. Өзінің ғайып еткенін ешкімге білдірмейді,

:27

тек, Өзі разы болған елшілерге ғана / білдіреді / . Сонда оның алдынан да, артынан да күзетушілер / қорғаушылар / қойып қояды, -

:28

олардың / елшілердің / Раббысының жібергендерін жеткізгендігін білу үшін. Ол олардағыны / барлық нәрсені / қамтыған және әрбір нәрсені санап, есептеп қойған.