Бүкіл Ислам кітапханасы

70 - The Ascending Stairways - Al-Ma`ārij

:1

Бір сұраушы, болатын азапты сұрады.

:2

Кәпірлерге болатын. Оны қайтарушы жоқ.

:3

Ол / азап / сатылар / дәрежелер / Иесі - Аллаһтан.

:4

Періштелер мен Рух / Жәбірейіл / Оған / Аллаһқа / өлшемі елу мың жыл болған бір күнде көтеріледі.

:5

/ Ей, Мұхаммед! / Көркем сабырмен сабыр ет.

:6

Шын мәнінде олар оны алые көреді,

:7

ал, Біз оны жақын көреміз.

:8

Ол / қиямет / күні аспан еріген мыс сияқты болады,

:9

ал, таулар түтілген жүн секілді болады.

:10

Әрі жақын жақынынан сұрамайды,

:11

олар бір-біріне көрсетілсе де. Қылмыскер сол күннің азабынан құтылу үшін өзінің перзенттерін өтемге беруді қалайды,

:12

және өзінің әйелін, өзінің аға-інісін,

:13

әрі өзіне қамқор болып, паналатқан туыстарын да,

:14

және жер жүзіндегі адамдардың барлығын да, тек кейін өзі құтқарылса болды.

:15

Жоқ, олай емес! Шын мәнінде, ол - Ләзо.

:16

Бас терісін сыдырып алушы.

:17

Ол / тозақ / теріс айналғанды және бет бұрғанды өзіне шақырады,

:18

әрі / дүние / жинап, жасырғанды.

:19

Негізінде, адам баласы / орнықсыз / етіп, тұрақсыз жаратылған.

:20

Қашан оған жамандық жетсе, ол тым мазасыз,

:21

ал, оған жақсылық келгенде өте сараң.

:22

Тек намаз оқитындар ғана мұндай емес.

:23

Олар - намаздарын әрқашан қалдырмай орындайтындар,

:24

әрі мал-дүниелерінде белгілі бір үлес барлар -

:25

сұраушыға және еш нәрсесі жоқтар үшін,

:26

әрі олар - Есеп күнін шын деп білетіндер,

:27

және олар - Раббысының азабынан зәресі ұшып қорқатындар -

:28

ақиқатында, Раббысының азабынан ешкім де қауіпсіз емес.

:29

Әрі олар - өзінің әурет мүшесін сақтаушылар,

:30

жұбайлары мен қол астарындағы күңдерінен басқалардан, оларға бұл күнә емес.

:31

ал, бұдан өзгені қалағандар - шектен шығушылар.

:32

Әрі олар - аманаттары мен серттерін сақтайтындар,

:33

және олар - куәліктерін әділ орындайтындар,

:34

әрі олар - намаздарына мұқият қарайтындар-

:35

міне, осылар - жәннаттарда сый-құрметке бөленетіндер.

:36

/ Ей, Мұхаммед! / Сондай күпірлік етушілерге / Раббыңның игіліктерін мойындамағандарға / не болды, алдында асығыс-үсігіс жүгіріскен,

:37

оң жақтан және сол жақтан топ-топ болып?!

:38

Олардан әрбірі Наъим(Жәннаттың аты. Мағнасы - көптеген нығмет, игілік) бағына кіргізілуін шынымен дәмете ме?

:39

Жоқ, олай емес! Анығында, Біз оларды өздеріне мәлім болған нәрседен жараттық.

:40

Шығыстар мен батыстардың Раббысымен ант етемін! Күмәнсіз, Біз жасай аламыз,

:41

олардың орындарына олардан да жақсыны алмастыруды. Әрі Бізден ешкім озушы емес.

:42

Оларды жөніне қалдыр. Олар өздеріне уәде етілген Күнге жолыққанға дейін бос сөз, жалғанға сүңгіп, ойнап-күле тұрсын.

:43

Ол күні олар орнатылған белгілерге жүгіргендей қабірлерден асыға шығады,

:44

олардың көздері жуасып, өздерін қорлық басқан күйде болады. Міне, оларға уәде етілген Күн - осы.