Бүкіл Ислам кітапханасы

61 - The Ranks - Aş-Şaf

:1

Аспандардағылар мен жердегілер Аллаһты / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптейді. Ол өте Үстем, аса Дана.

:2

Ей, иманға келгендер! Өздерің істемейтін істерінді не үшін айтасыңдар?

:3

Өздерің істемейтін нәрсені айтуларың Аллаһтың алдында өте жеккөрінішті.

:4

Анығында, Аллаһ Өзінің жолында арасы тығызқаланған қамалдай сап түзеп соғысатындарды жақсы көреді.

:5

Кезінде Мұса еліне: «Ей, елім! Аллаһтың елшісі екенімді біле тұра не үшін маған жәбір бересіңдер?» - деп айтты. Олар / хақтан / ауытқыған кезде, Аллаһ олардың жүректерін / жолдан / бұрды. Аллаһ бұзық / бойсұнбаушы / елді тура жолға салмайды.

:6

Әрі кезінде Мәриям ұлы Иса: «Ей, Исраил ұрпақтары! Шын мәнінде, мен сен­дерге өзімнен алдын келген Тәураттағыны растаушы және менен кейін келетін Ахмад есімді Елші жөнінде сүйінші хабар жеткізуші ретінде / жіберілген / Аллаһтың елшісімін», -деген еді. Ол Оларға анық дәлелдермен келген кезде, олар: «Бұл анық сиқыр», - деді.

:7

Исламға шақырыла тұра Аллаһ жайында өтірікті құрастырғаннан өткен әділетсіз кім бар? Аллаһ әділетсіз адамдарды тура жолға салмайды.

:8

Олар Аллаһтың нұрын ауыздарымен / ауызекі сөздерімен / өшіруді қалайды. Алайда кәпірлер жеккөрсе де, Аллаһ Өз нұрын соңына жеткізеді.

:9

Ол, Өз елшісін / тура жолды ұстануға / басшылықпен / Құранмен / және ақиқат дінімен / Исламмен / , оны барлық діндерден үстем ету үшін жіберген, мүшріктер / Аллаһқа серік қосушылар / мұны жек көрсе де.

:10

Ей, иманға келгендер! Сендерге өздеріңдіжантүршігерлік азаптан құтқаратын бір «сауданы» көрсетейін бе?

:11

Аллаһқа және Оның елшісіне сеніңдер, Аллаһтың жолында малдарыңмен әрі жандарыңмен күресіндер. Білсеңдер, сендер үшін осы қайырлы.

:12

Сонда Ол күнәларыңды кешіріп, сендерді астынан өзендер ағатын / Жәннаттағы / бақтарға және ’Адн жәннатындағы көркем жайларға кіргізеді. Міне, осы - ұлы табыс.

:13

Әрі өздерің жақсы көретін басқа да нәрселер: Аллаһтан жәрдем және жақын бір жеңіс бар. / Ей, Мұхаммед! / Имандыларды осы хабармен сүйіншіле.

:14

Ей, иманға келгендер! Мәриям ұлы Исаның хауарилерге: «Менің Аллаһ / жолындағы / жәрдемшілерім кім?» - дегенінде, хауарилердің: «Біз - Аллаһтың жәрдемшілеріміз», -дегендеріндей Аллаһтың / Оның дінінің / жәрдемшілері болыңдар. Сонда, Исраил ұрпақтарының бір бөлігі иманға келді, ал бір бөлігі күпірлік келтірді / қарсы шықты / . Біз иманға келгендерге дұшпандарына қарсы қолдау көрсеттік, сөйтіп олар үстем болды.