Бүкіл Ислам кітапханасы

60 - She that is to be examined - Al-Mumtaĥanah

:1

Ей, иманға келгендер! Менің дұшпаным әрі өздеріңнің дұшпандарыңды / имансыздарды / өздеріңе дос тұтпаңдар. Олар сендерге ақиқаттан келгенге күпірлік етсе де / мойындамаса да / , Оларға сүйіспеншілік пейіл білдіресіңдер. Олар Елшіні және сендерді, өздеріңнің Раббың - Аллаһқа сенгендерің үшін қуып шығаруда. Егер сендер Менің жолымда күресу үшін және Менің ризалығымды іздеп шықсаңдар / жауларымды дос тұтпаңдар / . Сендер Оларға сүйіспеншілік пейіл танытып, сыр айтасыңдар. Ал, Мен сендердің нені ашық, нені жасырын істегендеріңді жақсы білемін. Сендерден кім мұны істесе, әлбетте ол тура жолдан адасқан болады.

:2

Егер олар сендерді кездестірсе, сендерге жау болып, сендерге жамандықпен қолдарын созып, тілдерін тигізеді әрі сендердің күпірлік етушілерден / имансыздардан / болғандарыңды қалайды.

:3

Сендерге өздеріңнің туыстарың да, балаларың да / Қиямет күні / еш пайда бермейді. Қайта тірілу күні Ол араларыңды ажыратады. Аллаһ - не істеп жатқандарыңды көріп тұрушы.

:4

Анығында, сендер үшін Ибраһимде және онымен бірге болғандарда көркем өнеге бар. Олар еліне: «Негізінде біз сендерден де, Аллаһтан өзге табынатындарыңнан да бас тартамыз. Біз сендердің діндеріңді мойындамаймыз. Қашан Аллаһтың жалғыз Өзіне сенгендеріңше, сендер мен біздің арамызда мәңгі дұшпандық әрі өшпенділік орнады», - деді. Бірақ Ибраһимнің / өз / әкесіне: «Мен міндетті түрде сен үшін кешірім тілеймін. Бірақ сен үшін Аллаһтың алдында ешнәрсеге ие бола алмаймын», - деген сөзі ғана бұған кірмейді. / Олар!: «Раббымыз! Біз Өзіңе жүгініп, саған ісімізді тапсырдық / тәуекел еттік / және Өзіңе бойсұнуға қайттық / тәубе еттік / , әрі қайтуымыз Саған.

:5

Раббымыз! Бізді күпірлік етушілерге / имансыздарға / сынақ етпе және бізді кешір. Раббымыз! Ақиқатында Сен бәрінен Үстем, аса Данасың».

:6

Ақиқатында, сендер үшін, Аллаһқа және Ақирет күніне үміт ететіндер үшін, оларда көркем өнеге болды. Ал, кім теріс бұрылса, әлбетте Аллаһ Бай, Мұқтажсыз , Мақтауға лайық.

:7

Аллаһтың сендер мен олардың ішінен өздерің жауласып жүргендердің арасында сүйіспеншілік орнатуы мүмкін. Аллаһ бәріне Күші жетуші. Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.

:8

Аллаһ дін тұрғысында сендермен соғыспағандарға және жұрттарыңнан қуып шығармағандарға жақсылық жасауларыңа және оларға әділдік етулеріңе тыйым салмайды. Шын мәнінде Аллаһ әділдік етушілерді жақсы көреді.

:9

Негізінде, Аллаһ, сендерді тек дін тұрғысында сендермен соғысқандармен, жұрттарыңнан қуып шыққандармен және сендерді қуып шығуға көмектескендермен дос болуларыңа тыйым салады. Ал, кім олармен дос болса, міне, солар - әділетсіздер.

:10

Ей, иманға келгендер! Қашан сендерге иманды әйелдер қоныс аударып келсе, оларды тексеріп көріңдер. Аллаһ олардың имандарын жақсы біледі. Сонда егер олардың иманды әйелдер екенін білсеңдер, оларды кәпірлерге қайтармаңдар. Себебі бұлар / иманды әйелдер / оларға / кәпірлерге / рұқсат етілмейді, әрі олар да / кәпірлер / бұларға / иманды әйелдерге / рұқсат етілмейді. Оларға / кәпірлерге / жұмсағандарын беріңдер. Қашан бұларға / әйелдерге / мәһрлерін / сыйларын / берсендер, оларды некелеріңе алуларың сендерге күнә емес. кәпір әйелдерді некелеріңде ұстамаңдар. Оларға бергендеріңді сұраңдар, олар да бергендерін сұрасын. Бұл - Аллаһтың үкімі. Ол араларыңа үкім етеді. Аллаһ - бәрін Білуші, өте Дана.

:11

Егер кейбір әйелдер мәһрлерімен кәпірлер жаққа өтіп кетсе, үстемдікке жеткен кездеріңде әйелдері кетіп қалғандарға жұмсаған сыйындай / мәһріндей / өтем беріңдер. Өздерің иманға келіп, сенген Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар!

:12

Ей, Пайғамбар! Қашан саған иманға келген әйелдер Аллаһқа ешнәрсені серік етіп қоспауға, ұрлыққылмауға, зина жасамауға, балаларын өлтірмеуге, қол-аяқтарының арасынан бір жала жаппауға / бұзық жолмен тапқан баланы күйеуіне телімеуге / әрі құпталғанда саған қарсы келмеуге серт беруге келсе, олардың серттерін қабыл ет және олар үшін Аллаһтан кешірім тіле. Ақиқатында, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.

:13

Ей, иманға келгендер! Аллаһтың ашуына қалған адамдарды дос / қамқоршы / тұтпаңдар. Негізінде, олар соңғы, мәңгілік өмірден / ақиреттен / қабірдегі кәпірлердің үміт үзгені секілді үміт үзген.