Бүкіл Ислам кітапханасы

55 - The Beneficent - Ar-Raĥmān

:1

әр-Рахман / аса Қайырымды /

:2

Құранды үйретті,

:3

адамды жаратты,

:4

оған түсіндіріп жеткізуді үйретті.

:5

Күн мен ай есеппен / қозғалады / ,

:6

және жұлдыздар мен өсімдіктер сәжде етеді.

:7

Әрі Ол аспанды көтерді және таразыны орнатты,

:8

таразыда шектен шықпауларың үшін.

:9

Өлшеуді де туралықпен орындаңдар және таразыда кемітпеңдер.

:10

Әрі Ол, жерді жаратылғандар үшін орнатты.

:11

Онда жемістер және қауашақты құрма ағаштары бар,

:12

және дәнді дақылдар, хош иісті шөптер бар.

:13

Сонда сендер / адамзат пен жын / , өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер?!

:14

Ол адамды / Адам атаны / қыш / құмыра / секілді құрғақ лайдан жаратты.

:15

Ал жынды оттың жалынынан жа­ратты.

:16

Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіндер?!

:17

Ол - екі шығыстың Раббысы әрі екі батыстың Раббысы.

:18

Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер?!

:19

Ол бір-бірімен кездесетін екі теңізді қосты.

:20

Ол екеуінің арасында, екеуі бір-біріне өтіп, араласа алмайтын кедергі бар.

:21

Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер?!

:22

Ол екеуінен інжу және маржан шығады.

:23

Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіндер?!

:24

Теңізде көтерілген тау секілді жүзетіндер / кемелер / Оның иелігінде.

:25

Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер?!

:26

Оның / жердің / үстіндегілерінің барлығы да өтеді,

:27

ал ұлылық пен кеңшілік Иесі болған Раббыңның дидары мәңгі қалады.

:28

Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер?!

:29

Аспандардағы және жердегілер Одан / Аллаһтан / тілейді. Ол әр күні іс үстін /іспен шұғылдануда / .

:30

Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер?!

:31

Жақында / Есеп күні / сендермен айналысамыз, ей, екі ауыр топ!

:32

Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер?!

:33

Ей, жын мен адамзат тобы! Аспандар мен жердің шектерінен өтуге шамаларың келсе, өтіңдер. Тек, бұйрық арқылы болмаса, өте алмайсыңдар.

:34

Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіндер?!

:35

Сендерге оттан жалын және түтін жіберіледі, сендер қорғана алмай қаласыңдар.

:36

Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер?!

:37

Аспан жарылып, қызыл тері сияқты болған кезде,

:38

сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер?!

:39

Сол күні адамдар да, жындар да күнәсі жайлы сұралмайды.

:40

Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер?!

:41

Қылмыскерлер белгілерінен танылып, кекілдері мен аяқтарынан ұсталады.

:42

Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер?!

:43

Қылмыскерлер өтірікке шығарған Жаһаннам (Тозақ) - осы.

:44

Олар оның / тозақ отының / және қайнап тұрған / қызуы шегіне жеткен / судың екі арасында жүреді.

:45

Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер?!

:46

Ал, Раббысының алдында тұрудан қорыққанға екі бақ бар.

:47

Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер?!

:48

Олардың бұтақтары бар.

:49

Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер?!

:50

Ол екеуінде ағып жатқан екі бұлақ бар.

:51

Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер?!

:52

Ол екеуінде әрбір жемістің екі түрі бар.

:53

Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіндер?!

:54

Олар астарлары қалың жібектен болған көрпелердің үстінде сүйеніп отырады. Әрі екі бақтың да үзілетін жемісі жақын.

:55

Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер?!

:56

Онда олардан / адам мен жыннан / бұрын адам да, жын да жақындамаған, көздерін тыйып, сақтаушылар бар.

:57

Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер?!

:58

Олар бейне бір жақұт пен маржан секілді.

:59

Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер?!

:60

Жақсылықтың жақсылықтан басқа қайтарымы бар ма?

:61

Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер?!

:62

Ол екеуінен өзге тағы да екі бақ бар.

:63

Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер?!

:64

Екеуі де қою жасыл болғандықтан қара болып көрінетін.

:65

Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіндер?!

:66

Ол екеуінде қайнардан бұрқылдап шығып тұрған екі бұлақ бар.

:67

Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер?!

:68

Ол екеуінде жемістер, құрма және анар бар.

:69

Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер?!

:70

Онда игі де көріктілер, -

:71

сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер?! -

:72

шатырларда қорғалып күтілетін, көздері үлкен де әдемілер / хурлар / бар.

:73

сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер?! -

:74

олардан бұрын оларға адам да, жын да жақындамаған.

:75

Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер?!

:76

Олар әдемі қалың кілемдердің үстінде, жасыл жастықтарға сүйеніп отырады.

:77

Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіндер?!

:78

Ұлылық пен кеңшілік иесі Раббыңның есімі берекелі!