Бүкіл Ислам кітапханасы

56 - The Inevitable - Al-Wāqi`ah

:1

Әл-Уақиъа / Қиямет / болған кезде, -

:2

оның болуын ешнәрсе жоққа шығармайды,

:3

ол төмендетеді, жоғарылатады.

:4

Жер сілкініп қозғалтылған кезде,

:5

және таулар қирап, талқандалып,

:6

әрі шашылған тозаңға айналған кезде,

:7

сонда сендер үш топқа бөлінесіңдер.

:8

Бірі оң жақта болады. Оң жақтағылар деген не?

:9

Ал, біреулер сол жақта болады. Сол жақтағылар деген не?

:10

Әрі озушылар, / олар / - озушылар.

:11

Міне, солар - жақындатылғандар,

:12

Наъим (Жәннаттың бір аты. Мағнасы - көптеген нығмет, игілік) бақтарында болады?

:13

/ Олар / әуелгілерден көбірек,

:14

соңғылардан азырақ.

:15

Безендірілген, көтеріңкі жайлы орындарда,

:16

оған сүйеніп, бір-біріне қараған күйде отырады.

:17

Оларды мәңгі бозбалалар айналып, қызмет етіп жүреді,

:18

қайнар бұлақтан / толтырылған / көзе, құмыралар және кеселермен, -

:19

одан олардың бастары ауырмайды әрі ақыл-естерін жоғалтпайды -

:20

әрі олар таңдаған жемістерімен,

:21

және қалаған кұс етімен.

:22

Әрі Оларға жанарлары үлкен де әдемі / хурлар / ,

:23

бейне бір / қабығы ашылмаған / сақтаулы інжу секілді / жұбайлар бар / .

:24

Бұлар - істеген амалдарының қайтарым сыйы.

:25

Ол жерде олар бос сөзді де, күнәлі сөзді де естімейді.

:26

Тек: «Сәләм! Сәләм! / Бейбітшілік бол­сын! Амандық болсын! / » - деген сөзді ғана / естиді / .

:27

Ал, оң жақтағылар. Оң жақтағылар деген не?

:28

Тікенегі жоқ лотос / ас-сидр / өсімдіктері,

:29

және жемістері шоғырланған банан ағаштары арасында,

:30

әрі жайылып жатқан көлеңкеде,

:31

және сарқырап аққан су,

:32

мол жемістер арасында,

:33

/сондай/ ешқашан таусылмайтын және тыйым салынбайтын,

:34

әрі жоғары көтерілген жұмсақ төсектерде / болады / .

:35

Ақиқатында, Біз оларды басқа жаратумен жараттық,

:36

әрі оларды ер көрмеген пәк қыздар еттік,

:37

күйеулеріне сүйікті, құрбылас,

:38

/ Бұл / оң жақтағылар үшін.

:39

/ Олар / әуелгілерден көп,

:40

әрі кейінгілерден де көп.

:41

Ал, сол жақтағылар. Сол жақтағылар деген не?

:42

/ Олар / саммум / денені тесіп өтетін ыстық ауа / және қайнап тұрған суда,

:43

және қара түтіннің көлеңкесінде / болады / ,

:44

салқын емес әрі жақсылығы да жоқ.

:45

Негізінде, олар бұдан бұрын / дүниеде / сән-салтанат, рахатқа шалқып жүретін,

:46

және өте үлкен күнәда қайтпай қасарысатын.

:47

Әрі олар: «Біз өліп, топыраққа және сүйектерге айналған кезімізде қайта тірілтілеміз бе?

:48

Біздің әуелгі аталарымыз да ма?» - дейтін.

:49

Айт: «Әуелгілер де, кейінгілер де,

:50

белгілі күні, белгіленген орынға міндетті түрде жиналады.

:51

Содан кейін сендер, ей, өтірікші санайтын адасушылар!

:52

Заққұм ағашынан жейтін боласыңдар,

:53

әрі одан қарындарыңды толтырасыңдар.

:54

Сөйтіп, оның үстіне қайнап тұрған судан ішесіңдер,

:55

сондай қатты шөлдеген түйелер секілді сіміресіңдер», - деп.

:56

Олардың Есеп күніндегі “сый-сияпаттары” - осы.

:57

Сендерді Біз жараттық. Неге / қайта тірілуді! шын деп білмейсіңдер?

:58

Өздерің төгетін мәниді көрдіңдер ме / ол жайлы ойладыңдар ма / ?

:59

Оны сендер жаратасыңдар ма, әлде Біз жаратамыз ба?

:60

Біз араларыңда өлімді алдын ала белгіледік. Әрі Бізден ешкім оза алмайды / кедергі келтіре алмайд/,

:61

сондай, сендердің түрлеріңді өзгертіп және сендерді өздерің білмейтін түрде жаратуда.

:62

Әрі сендер алғашқы жаратуды білесіңдер, ендеше еске алмайсыңдар ма?

:63

Өздерің егіп жатқандарыңды көрдіңдер ме?

:64

Оны сендер өсіресіңдер ме, не Біз өсіреміз бе?

:65

Егер де қаласақ, оны қоқымға айналдырар едік те, сендер таңқалып:

:66

«Шын мәнінде, біз зиянға ұшырадық.

:67

Оған қоса несібемізден де айрылдық», - дейтін едіңдер?

:68

Өздерің ішіп жүрген суды байқап көрдіңдер ме?

:69

Оны бұлттан сендер түсірдіңдер ме, әлде Біз түсіреміз бе?

:70

Егер қалағанымызда, оны ащы етер едік. Игіліктерімізге алғыс білдірсеңдер !шүкір етсеңдер / болмай ма?

:71

Өздерің шағып жағатын отты көрдіңдер ме?

:72

Оның ағашын сендер пайда еттіңдер ме, әлде Біз пайда еттік пе?

:73

Біз оны еске алатын әрі елсіз жердегі ' жолаушыларға пайдаланатын нәрсе еттік.

:74

/ Ей, Мұхаммед!IҰлы Раббыңның есімін / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріпте!

:75

Жұлдыздардың орындарымен ант етемін!

:76

Егер білетін болсаңдар, күмәнсіз, бұл - ұлы ант.

:77

Ақиқатында, бұл - Құран Кәрим / игілігі мол Құран / ,

:78

Ол сақталынған Кітапта / Ләухул-Махфузда / .

:79

Оны тазартылғаннан басқалар ұстамайды.

:80

Әлемдердің Раббысынан түсірілген.

:81

Сендер бұл Сөзге / Құранға / немқұрайлылық танытасыңдар ма?

:82

Әрі ризықтарыңды өздерің жалғанға шығаратын / нәрсе / етесіңдер ме?

:83

Ал / жан / жұтқыншаққа жеткен кезде,

:84

әрі сендер сол уақытта / өлім үстінде жатңанга/ қарап қалғанда,

:85

Біз оған сендерден де жақынбыз, алайда сендер көрмейсіңдер.

:86

Ал, егер сендер есепке тартылмайтын болсаңдар, онда неге

:87

оны / жанды / кері қайтармайсыңдар, егер шын сөзді болсаңдар?

:88

Ал, егер ол жақындатылғандардан / озушылардан / болса,

:89

онда / оған / тыным, ризық / хош иіс / және Наъим (Жәннаттың бір аты. Мағнасы - көптеген нығмет, игілік) жәннаты бар.

:90

Ал, егер оң жақтағылардан болса,

:91

онда оған: «Саған сәләм / бейбітшілік, амандық / болсын! Сен - оң жақтағылардансың», - делінеді.

:92

Ал, егер / ол / жалғанға шығарушы, адасушылардан болса,

:93

онда / оның / «сыйы» - қайнап тұрған су,

:94

әрі Жахимда (Тозақ) жану.

:95

Шын мәнінде, бұл / айтылғандар / - айқын ақиқат.

:96

/ Ей, Мұхаммед! / Ұлы Раббыңның есімін / бүкіл кемшіліктен / пәк деп дәріпте!