Бүкіл Ислам кітапханасы

51 - The Winnowing Winds - Adh-Dhāriyāt

:1

Ұшырып жіберушілермен ант етемін!

:2

Әрі жүкті көтерушілермен,

:3

және жеңіл жүзушілермен,

:4

әрі / Аллаһтың / әмір еткендерін үлестірушілермен!

:5

Анығында, сендерге уәде етілген нәрсе - шындық.

:6

Әрі есепке тарту міндетті түрде болады.

:7

Жүретін жолдары бар аспанмен ант етемін!

:8

Негізінде, сендер қарама-қайшы сөздесіңдер.

:9

Одан / Құраннан / бұрылғандар бұрып жіберіледі.

:10

Өтірікшілер / анық білмейтін нәрселер жайлы сөйлейтіндер / жойылсын,

:11

сондай, / имансыздық пен адасудың / ұйығында қаперсіздікте жүргендер!

:12

Олар: «Есеп күні қашан болады», - деп сұрайды.

:13

Ол күні олар Отта азапталады.

:14

«Азаптарыңды татыңдар! Сендер асықтырған / тез болуын сұраған / нәрсе - осы».

:15

Ақиқатында, тақуалар / Аллаһтың жа­засынан қорқып, сақтанушылар / Жәннат бақтары мен бұлақтары арасында,

:16

өздеріне Раббысының бергенін алады. Анығында, олар бұдан алдын жақсылықты ықыласпен істеуші еді.

:17

Олар түннің аз ғана бөлігін ұйықтайтын,

:18

ал сахарда кешірім тілейтін еді.

:19

Олардың дүние-мүліктерінде сұраушыға және түгі жоқ мұқтаждарға үлес бар.

:20

Әрі айқын сенушілер үшін жерде белгі-дәлелдер бар.

:21

және сендердің өздеріңде де. Көрмейсіңдер ме?

:22

Әрі аспанда сендердің ризықтарың және сендерге уәде етілген бар.

:23

Аспан мен жердің Раббысымен ант етемін, бұл - сендердің / сөз / сөйлеулерің секілді ақиқат.

:24

/ Ей, Мұхаммед! / Саған Ибраһимның құрметті қонақтары жайлы хабар келді ме?

:25

Олар оның алдына кірген кезде: «Сәләм» / бейбітшілік болсын! / - деді. Ол да: «Сендерге де Сәләм / амандық болсын / , ей, бейтаныс адамдар!» - деді.

:26

Ол ақырын әйеліне шығып, әзірленген бір семіз бұзау әкелді.

:27

Оны Оларға жақындатып: «Жемейсіңдер ме?» - деді.

:28

Сонда ол олардан / қауіптеніп / қорқып қалды. Олар: «Қорықпа», - деді және оны білімді бір ұлмен сүйіншіледі.

:29

Ал, оның әйелі дауыстап, бетін ұрып: «Бедеу кемпір ме?» - деді.

:30

Олар / періштелер / : «Раббың осылай деп айтты. Ақиқатында Ол әл-Хаким / аса Дана / , әл-’Алим / бәрін Білуші / », - деді.

:31

Ол: «Әй, елшілер, не шаруаменкелдіңдер?» - деді.

:32

Олар: «Біз қылмыскер елге жіберілдік,

:33

оларға лайдан / жасалған / тас жаудыру үшін,

:34

шектен шыққандарға Раббың тарапынан белгіленген», - деді.

:35

Біз ол жерден имандыларды шығардық.

:36

Алайда, біз ол жерде бір үйден басқа мұсылмандарды / бойсұнушыларды / таппадық.

:37

Әрі ол жерде күйзелтуші азаптан қорқушылар үшін белгі қалдырдық.

:38

Мұсада да / белгілер бар /. Сол кезде оны Фиръаунға анық дәлелмен жібердік.

:39

Бірақ ол айналасындағылармен бірге теріс бұрылды және: «Бұл - сиқыршы не жын соққан», - деді.

:40

Сонда Біз оны әрі әскерін ұстадық / жазаладың / және оларды теңізге тастадық. Ол / Фиръаун / айыпталуға лайықты болды.

:41

Ад елінде де. Сол кезде оларға / пайдасы жоқ / зиянды желді жібердік.

:42

Ол тиген нәрсесін аман қалдырмай, оны үгіндіге айналдырады.

:43

Сәмұд елінде де. Сол кезде оларға: «Бір уақытқа дейін пайдаланыңдар», - делінді.

:44

Олар Раббысының әміріне бағынбай, менмендік танытты. Сонда қарап тұрған күйлерінде оларға саъиқа тиді.

:45

Сонда олар тұруға шамалары келмей қалды әрі қорғана да алмады.

:46

Бұдан бұрын Нұхтың елін де / жойдық / . Өйткені олар бұзық / бойсұнбаушы / ел еді.

:47

Біз аспанды құдіретімізбен құрдық әрі Біз кеңейтушіміз.

:48

Ал жерді жайып қойдық. Біз қандай жақсы жаюшымыз.

:49

Әрі сендердің еске алуларың / ғибраттануларың / үшін Біз әрбір нәрсені жұбымен жараттық.

:50

/ Ей, Мұхаммед! / : «Аллаһқа қарай қашыңдар / пана іздеп ұмтылыңдар / . Анығында, мен - сендерге Одан / жіберілген / анық ескертушімін.

:51

Аллаһпен бірге басқаны құдай етіп алмаңдар. Шын мәнінде, мен сендерге Одан анық ескертушімін», - деп айт?

:52

Міне, осылай, бұлардан алдыңғыларға да әрбір елші келгенде, олар да: «Сиқыршы немесе жын соққан», - деді.

:53

Олар бұл сөзді бір-біріне өсиет етіп қалдырды ма? Жоқ, олай емес! Олар шектен шыққан ел.

:54

/ Ей, Мұхаммед! / Олардан теріс бұрыл, сен жазғырылмайсың.

:55

Алайда естеріне сал, өйткені еске салу - имандыларға пайдасын тигізеді.

:56

Жын мен адамзатты Өзіме құлшылық етуден басқа нәрсе үшін жаратпадым. / Жын және адамзатты Өзіме ғибадат етулері үшін ғана жараттым / ?

:57

Мен олардан ешбір ризық / несібе, үлес / қаламаймын және олардың Мені тамақтандыруын да қаламаймын.

:58

Ақиқатында, Аллаһ Ризық беруші, күш-қуат Иесі, өте Мықты.

:59

Анығында, әділетсіздік еткендерге / алдыңғы өткен осы ұстанымдағы / өздері тәрізділердің үлестеріндей үлес бар. Сондықтан олар асықтырмасын / тез болуын сұрамасын / .

:60

Күпірлік еткендерге / иманға келмегендерге / өздеріне уәде етілген Күннен қасірет бар\