Бүкіл Ислам кітапханасы

52 - The Mount - Aţ-Ţūr

:1

Турмен ант етемін,

:2

әрі жазылған Кітаппен,

:3

жайылған жұқа нәрсеге / жұқа теріге, қағазға / .

:4

Әрі Байтул-Маъмурмен (бұл жетінші аспанда тұрғызылған Қағба секілді үй.Оғани күніне жетпіс мың періште кіріп, құлшылық етеді) ,

:5

және биік көтерілген шатырмен,

:6

және көтерілген теңізбен ант етемін!

:7

Раббыңның жазасы / азабы / міндетті түрде түседі,

:8

оны қайтарушы жоқ.

:9

Ол күні аспан теңселіп шайқалады,

:10

ал таулар қозғалып жылжиды.

:11

Сол күні / Аллаһты әрі Оның Елшісін / өтірікке шығарушыларға үлкен қасірет болады,

:12

сондай жалғанға сүңгіп, ермек етіп, ойнап жүргендерге!

:13

Ол күні олар Жаһаннам отына күштеп итеріледі.

:14

/ Оларға / : «Міне, осы - сендер өтірік санап келген От.

:15

Ал, осы сиқыр ма екен, әлде сендер көрмей тұрсындар ма?

:16

Оның ішінде жаныңдар! Енді шыдасаңдар да, не шыдамасаңдар да - сендер үшін бірдей. Сендерге істеп өткен амалдарыңның қайтарымы ғана беріледі», - делінеді.

:17

Ақиқатында, тақуалар / Аллаһтың жа­засынан қорқып, сақтанушылар / Жәннаттағы бақтарда болып, игіліктерге бөленеді,

:18

олар Раббысының өздеріне бергеніне қуанып, шат-шадыман болады. Әрі олардың Раббысы оларды Жахим азабынан сақтады.

:19

/ Оларға: / «Істеген амалдарың үшін рахаттанып жендер, ішіңдер!» - делінеді.

:20

Олар қатар тізілген көтеріңкі жайлы орындарда, сүйеніп отырады. Әрі Оларға көздері үлкен де әдемілерді / хурларды / қосамыз.

:21

Әрі Біз өздері иманға келген және ұрпақтары да иманмен өздеріне ергендерді ұрпақтарымен қосамыз. Біз олардың амалдарынан еш нәрсені кемітпейміз. Әрбір адам өз жиғанының / амалының / тұтқыны.

:22

Әрі, Біз оларға өздері қалаған жемістер мен еттерді / ет тағамдарын / қосамыз.

:23

Ол жерде олар / сусын / толы кеселерді бір-біріне ұзатады, онда бос сөз сөйлеу де, күнә жасау да болмайды.

:24

Оларға қабығы ашылмаған інжу секілді жасөспірімдер қызмет етеді.

:25

Әрі олар бір-біріне қарап сұрасады.

:26

Олар: «Негізінде, біз бұрын үй-ішімізбен болған кезімізде қатты қорқушы едік.

:27

Аллаһ бізге игілік етті және бізді Самум (ыстық жел) азабынан сақтады.

:28

Ақиқатында, біз бұрын Одан тілеуші едік. Анығында, Ол әл-Бәрр / аса Игі / , әр-Рахим / ерекше Мейірімді / »,- дейді.

:29

/ Ей, Мұхаммед! / Естеріне сал! СенРаббыңныңигілігі арқасындабақсы-балгер әрі жын қаққан да емессің.

:30

Не болмаса олар: «Ол - ақын. Біз оған заманның өзгеруін күтеміз», - дейді.

:31

/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Күтіңдер, мен де сендермен бірге күтушілерденмін», - деп.

:32

Оларға ақылдары осыны бұйыра ма, әлде олар шектен шыққан адамдар ма?

:33

Әлде олар: «Ол оны / Құранды / ойдан шығарды», - дей ме? Жоқ, керісінше! Олар сенбейді.

:34

Егер олар шын сөзді болса, осыған ұқсас / Құран секілді / хабар келтірсін.

:35

Немесе олар еш нәрсесіз / өздігінен / жаратылды ма? әлде олар жаратушылар ма?

:36

Не олар аспандар мен жерді жаратты ма? Жоқ! Олар нақты / айқын / сенбейді.

:37

Немесе Раббыңның қазыналары оларда ма? Не олар басқарушылар ма?

:38

Әлде олардың / көтеріліп / тыңдайтын сатылары бар ма? Онда олардың ішінен тыңдағаны анық бір дәлел келтірсін.

:39

Немесе қыздар - Аллаһтікі, ал ұлдар - сендердікі ме?

:40

/ Ей, Мұхаммед! / әлде сен олардан ақы сұрап, содан олар борышқа қалып, соны ауырсынып жатыр ма?!

:41

Не оларда ғайыптың мәліметі бар болып, олар соны жаза ма?

:42

Әлде олар айла-шарғы жасауды қалай ма? Ол айла-шарғыға сондай күпірлік етушілердің / Аллаһқа қарсы шыққандардың / өздері ілінеді.

:43

Әлде олардың Аллаһтан өзге, басқа құдайы бар ма? Аллаһ - олардың қосқан серіктерінен пәк!

:44

Әрі олар егер аспанның бір бөлігінің құлап келе жатқанын көрсе де: «Бұл - шоғырланған бұлт», - дейді.

:45

/ Ей, Мұхаммед! / Енді оларды, өздерінің жойылатын / қайта тірілу / күніне жолыққандарына дейін жайына қалдыр.

:46

Ол күні Оларға айла-шарғылары ешбір пайда бермейді әрі Оларға ешкім көмектеспейді.

:47

Анығында, әділетсіздерге оған дейін де азап бар, бірақ олардың көбі білмейді.

:48

/ Ей, Мұхаммед! / Раббыңның үкімі келгенге дейін сабыр ет. Сөзсіз, сен Біздің көз алдымыздасың / қорғауымыздасың / . Әрі тұрған кезіңде Раббыңды мақтап, Оны / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріпте.

:49

Сондай-ақ, түннің бір бөлігінде және жұлдыздар көрінбей қалғанда да Оны / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріпте.