Бүкіл Ислам кітапханасы

64 - The Mutual Disillusion - At-Taghābun

:1

Аспандардағылар және жердегілер Аллаһты / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптейді. Билік - Онікі әрі мақтау да Оған арналады. Ол - барлық нәрсені Жасай алушы.

:2

Сендерді жаратқан - Сол / Аллаһ / . Сендердің араларыңда кәпір де бар, әрі сендердің араларыңда иманды да / мүмін де / бар. Аллаһ - не істеп жатқандарыңды Көруші.

:3

Ол аспандарды және жерді ақиқатпен жаратты және сендерге түр-тұлға беріп, тұлғаларыңды көркем етті. Әрі қайту да Оған.

:4

Ол аспандар мен жердегі нәрселерді біледі әрі Ол сендердің жасырғандарың мен жариялағандарыңды да біледі. Аллаһ кеуделердегіні / жүректердегіні / жақсы Білуші.

:5

Сендерге бұрыннан сондай күпірлік еткендердің / иманды теріске шығарушылардың / хабары келмеді ме? Олар істерінің жазасын татты. Әрі оларға күйзелтуші азап бар.

:6

Бұл, оларға елшілері анық дәлелдермен келген кезде олардың: «Бізді адам тура жолға салады ма?» - деп, күпірлік еткендіктері / қарсы келгендіктері / және теріс бұрылғандықтары себепті. Аллаһ / Оларға / мұқтаж емес. Аллаһ - Бай, Мұқтажсыз, мақтауға лайық.

:7

Күпірлік етушілер / ақиретке сенбегендер / ешқашан тірілтілмейміз деп есептеді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Олай емес, Раббыммен ант етемін! әлбетте, қайта тірілтілесіңдер, содан кейін сендерге не істегендеріңнің хабары беріледі. Бұл Аллаһқа оңай»,- деп.

:8

Аллаһқа, Оның елшісіне және Біз түсірген Нұрға / Құранға / сеніңдер. Аллаһ не істеп жатқандарыңнан Хабардар.

:9

Сол күні Ол сендерді Жинау / Қиямет / күні үшін жинайды. Бұл - Тағабун (Бірін - бірі алдаудың белгілі болатын, бірі пайда тауып,бірі ұтылатын) күні. Кім Аллаһқа сенсе және ізгі амал жасаса, Ол оның жамандықтарын кешіреді және оны астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтарға кіргізеді. Олар онда мәңгі қалады. Міне, осы - ұлы жетістік.

:10

Ал, сондай күпірлік етіп / қарсы келіп / және Біздің аят-белгілерімізді өтірік санағандар, олар - Отта болатындар. Олар онда мәңгі қалады. Ол баратын орын неткен жаман!

:11

Кез келген қиындық тек Аллаһтың рұқсатымен ғана болады. Кім Аллаһқа сенсе, Ол оның жүрегін тура жолға бұрады. Аллаһ - барлық нәрсені жақсы Білуші.

:12

Аллаһқа бойсұныңдар және Елшіге бағыныңдар. Егер теріс бұрылсаңдар, Елшімізге анық жеткізу ғана жүктелген.

:13

Аллаһ, Одан басқа ешбір құдай жоқ. Сондықтан имандылар Аллаһқажүгініп, істерін Оған тапсырсын / тәуекел етсін / .

:14

Ей, иманға келгендер! Негізінде жұбайларыңның және балаларыңның ішінде сендерге жау болатындар бар, олардан абай болыңдар. Егер жазаламай, кең пейілдік танытсаңдар және кешірсеңдер, ақиқатында, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.

:15

Анығында, сендердің мал-дәулеттерің және балаларың бір сынақ. Ал, Аллаһта ұлы сый бар.

:16

Шама-шарықтарың жеткенше Аллаһ­тан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар! Тыңдаңдар, бойсұныңдар және өздерің үшін қайырлы нәрседен / зекет, садақадан / беріңдер. Кім өзінің сараңдығынан сақталса, міне, солар - мұратына жететіндер.

:17

Егер Аллаһқа көркем қарыз берсеңдер, Ол оны сендерге еселеп арттырып қайтарады және сендерді кешіреді. Әрі Аллаһ - алғысқа бөлеуші, өте Ұстамды, Жұмсақ,

:18

құпия мен айқын нәрсені Білуші бәрінен Үстем, аса Дана.