Бүкіл Ислам кітапханасы

38 - The Letter "Saad" - Şād

:1

Сад. Еске салуды қамтыған Құранмен ант етемін!

:2

Ал, сондай күпірлік етушілер / бас тартушылар / тәкаппарлық пен қарсылықта.

:3

Біз олардан бұрын қаншама ұрпақтарды жойдық. Сонда олар жалбарынды, бірақ құтылуға кеш болған еді.

:4

Әрі олар ескертушінің өз араларынан келгеніне таң қалды және кәпірлер: «Бұл сиқыршы, өтірікші.

:5

Ол құдайларды бір ғана құдай етті ме? Шынында, бұл таң қаларлық нәрсе екен!» - деді.

:6

Олардың араларындағы беделділері шығып бара жатып: «Жүре беріңдер және құдайларыңа сабыр етіңдер. Негізінде, бұл арнайы істелген нәрсе.

:7

Біз соңғы дінде мұндай туралы естімедік. Бұл - ойдан шығарылған өтіріктен басқа нәрсе емес.

:8

Ескерту біздердің ішімізден осыған түсірілді ме?» - деді. Жоқ, олай емес! Олар Менің Ескертуімнен / Құраннан / күмәндануда. Иә, солай! Олар әлі азапты татпады.

:9

/ Ей, Мұхаммед!! әлде оларда әл-’Азиз / бәрінен Үстем / , әл-Уаһһаб / сый Беруші / Раббыңның мейірімінің қазыналары бар ма?

:10

Әлде аспандардың және жердің әрі ол екеуінің арасындағылардың билігі соларда ма? Олай болса / қолынан келсе / олар жолын тауып / аспанға / көтерілсін,

:11

Қай әскері болмасын, алдыңғы топтар сияқты жеңіліске ұшырайды.

:12

Бұлардан бұрын Нұхтың елі, Ад елі және қазықтардың / үлкен әскердің / иесі Фиръаун да / елшілерді / өтірікке шығарды.

:13

Әрі сәмұдтықтар да, Лұттың елі және Әйке тұрғындары да. Міне, осылар - / ұқсас / топтар.

:14

Елшілерді өтірікшіге шығарғандары үшін олардың әрқайсысына Менің жазам тиісті болды.

:15

Олар одан кейін қайта оралу болмайтын, бір ғана сайхадан басқаны күтпейді.

:16

Әрі олар: «Ей, Раббымыз! Бізге тиісті үлесімізді / азабымызды / Есеп күнінен бұрын бізге тездет», - дейді / келеке етіп / .

:17

/ Ей, Мұхаммед / / Олардың айтқандарына сабыр етіп, қуатты құлымыз Дәуітті еске ал. Ол әрдайым Оған қайтушы еді.

:18

Ақиқатында, Біз тауларды кешке және таңертең онымен / Дәуітпен / бірге Раббыңды / барлық кемшіліктен / пәк деп ұлықтайтын етіп бағындырдық.

:19

Әрі топталған түрде құстарды да. Барлығы да Оған / Аллаһқа / бойсұнушы.

:20

Біз оның патшалығын қуаттап бекіттік әрі оған даналық пен тура / шешімді / сөз бердік.

:21

!Ей, Мұхаммед! / Саған дауласқандардың хабары келді ме? Сонда олар михрабқа / құлшылық ететін орынға / дуалдан асып келген еді.

:22

Олар Дәуіттің алдына кірген кезде, ол олардан қорқып қалды. Олар: «Қорықпа! Біз бір-бірімізге әділетсіздік еткен екі тартысушымыз. Біздің арамызға ақиқатпен үкім шығар да әділетсіздік етпе. Әрі бізге дұрыс жолды көрсет.

:23

Бұл - менің бауырым. Оның тоқсан тоғыз саулық қойы бар, ал менің бір ғана саулығым бар. Ол: «Оны менің қарамағыма бер»,- деп, сөзбен менен үстем түсті», - деді.

:24

Ол: «Ол сенің саулығыңды өз саулықтарына / қосып алу үшін / сұрап, саған әділетсіздік еткен екен. Негізінде, жақын араласушылардың көпшілігі бір-біріне әділетсіздік етеді. Тек иманға келген және ізгі амал жасағандар ғана ондай емес. Ал, олар аз», - деді. Сонда, Дәуіт Біздің оны сынағанымызды анық түсінді де Раббысынан кешірім тіледі және иіліп / сәждеге / жығылды әрі Раббысына бойсұна жүгінді / тәубе етті / .

:25

Біз оған мұны кешірдік. Ақиқатында ол үшін Біздің алдымызда жақындатылу және қайтар орынның көркемі бар.

:26

Ей, Дәуіт! Ақиқатында, Біз сені жер бетінде халифа еттік. Адамдардың арасында ақиқатпен шешім шығар да көңілқұмарлығына еруші болма. Онда ол / еру / сені Аллаһтың жолынан адастырады / ауытқытып, шығарады / .Ақиқатында, Есеп күнін ұмытқаны үшін Аллаһтың жолынан адасқандарға қатты азап бар.

:27

Біз аспандар мен жерді және екеуінің арасындағыларды бостан-босқа жаратпадық. Бұл - сондай күпірлік етушілердің / Аллаһқа қарсы келушілердің / жорамалы. Ендеше, сондай күпірлік етушілерге / иманға келмегендерге / Оттан үлкен қасірет бар\

:28

Біз иманға келген және ізгі амал істегендерді жер бетінде бұзу-бүлдірушілік істейтіндермен тең етеміз бе? Әлде тақуаларды / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушыларды / күнәһарлармен бірдей етеміз бе?

:29

/ Ей, Мұхаммед! / Біз саған түсірген Кітап - берекелі. / Адамдар / оның аяттарына зейін қойып зерделеулері үшін әрі ақыл иелері еске алуы үшін / түсірдік / .

:30

Біз Дәуітке Сүлейменді тарту еттік. / Сүлеймен / қандай жақсы құл! Ол әрқашан Оған қайтушы.

:31

Бірде оған кешке қарай, ойнақтаған / тұяғымен жер тарпыған / жүйрік сәйгүліктер көрсетілді.

:32

Сонда ол: «Мен Раббымды еске алудан гөрі ол / күн / тосық артына жасырынғанша / күн батқанша / , жақсы нәрселерге құштар болып ұнатыппын.

:33

Оларды маған қайтарыңдар!» - деді. Сөйтіп ол / аттардың! аяқтары мен мойындарын сипай бастады.

:34

Әрі Біз Сүлейменге сынақ етіп, оның тағының үстіне бір денені тастадық. Содан кейін ол / Раббысына / беріле, бойсұна жүгінді / тәубе етті /.

:35

Ол: «Раббым! Мені кешір әрі маған өзімнен кейін ешкімде болмайтын билік бер. Ақиқатында, Сен Сый берушісің», деді.

:36

Біз оған, оның әмірімен қалаған жеріне жеңіл есетін желді бағындырдық.

:37

Әрі оған әрбірқұрылысшы және сүңгуші шайтандарды

:38

және кісендермен байланған басқаларын да / бағындырдық / .

:39

Міне, осы - Біздің сыйымыз. Игілік ет не өзіңде ұста, ол үшін есепке тартылмайсың.

:40

Ақиқатында, оған Бізде - жақындатылу және қайтар орынның көркемі бар.

:41

/ Ей, Мұхаммед! / Құлымыз Айюбты есіңе ал. Ол Раббысына жалбарына: «Маған шайтаннан бір қиыншылық пен бейнет тиді!» - деп үн қатты.

:42

/ Оған / : «Аяғыңмен / жерге / теп. Бұл жуынатын және ішетін салқын / су / »,- дедік.

:43

Бізден бір мейірім әрі ақыл иелері үшін еске салу ретінде оған үй ішін және олармен бірге тағы соншасын сыйладық.

:44

/ Әрі оған / : «Қолыңа бір тұтам сабан алып, сонымен / әйеліңді / ұр және берген антыңды бұзба», - дедік. Ақиқатында оны сабырлы түрде таптық. Ол қандай жақсы құл! Ол әрдайым Оған қайтушы.

:45

/ Ей, Мұхаммед! / Қолдар және көздер иелері болған құлдарымызИбраһимді, Исхақты және Йаъқубты есіңе ал.

:46

Ақиқатында, Біз оларды / мәңгілік / мекенді / ақиретті / еске алумен тазарттық.

:47

Олар Біздің алдымызда таңдаулы, ең жақсылардан.

:48

Исмаъилды, Әлиясағты және Зулкифлді есіңе ал. Барлығы ең жақсылардан.

:49

/ Ей, Мұхаммед! / Бүл еске салу / ескерту / . Ақиқатында тақуаларға / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандарға / қайтар мекеннің көркемі -

:50

олар үшін қақпалары ашылып тұратын, ’Адн жәннатының бақтары бар

:51

Олар ол жерде сүйеніп отырып, коп жемістер мен сусындар алдырады

:52

Әрі олардың жанында көздерін / сақтап / өзгелерге салмайтын, өздерімен құрдас қыздар бар.

:53

Бұл сендерге Есеп күні үшін уәде етілген нәрсе.

:54

Ақиқатында, бұл ризық - Біздікі. Ол ешқашан таусылмайды.

:55

Міне, солай. Ал анығында, бойсұнбағандарға, қайтар мекеннің ең жаманы -

:56

Жаһаннам (Тозақ) болады. Олар онда күйіп-жанады. Ол - өте жаман мекен!

:57

Бұл - қайнап тұрған су және ірің. Енді олар оны татсын.

:58

Әрі / жазаның / осы секілді басқа да түрлері бар.

:59

/ Тозақ періштелері / : «Мына топ сендермен бірге кіреді», - дейді. / Тозақтықтар / : «Оларға кеңшілік болмасын! Шын мәнінде олар Отта жанады», - дейді.

:60

/ Тозаққа кейін кіргендер / : «Жоқ! Өздеріңе кеңшілік болмасын! Сендер оны / тозақты / бізге жақындаттыңдар. Ол өте жаман орын!» - дейді.

:61

Олар: «Раббымыз! Бізге оны жақындатқанғаОттағы азабын екі есе арттыр», - дейді.

:62

Әрі: «Бізге не болды? Біз өзіміз нашар кісілер деп есептегендерімізді / бұл жерде / неге көрмей тұрмыз?!

:63

Біз оларды келеке етпедік пе? Әлде көзіміз олардан ауытқып, көрмей тұр ма?» - дейді.

:64

Ақиқатында, осы - Отты / тозақты / мекен еткендердің тартысуы - шындық.

:65

/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Мен - тек ескертушімін. Әрі Жалғыз, бәрін сөзсіз Бағындырушы Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ.

:66

Ол - аспандардың және жердің әрі ол екеуінің арасындағылардың Раббысы, бәрінен Үстем, көп Кешіруші», - деп.

:67

/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «бұл / Құран / ұлы хабар.

:68

Сендер одан бет бұрудасыңдар.

:69

Менде жоғарғы топтың әрі олардың тартысқандары туралы ешқандай білім болмады.

:70

Маған тек өзімнің анық ескертуші екендігім ғана уахи етілуде», - деп.

:71

Міне, кезінде Раббың періштелерге: «Мен лайдан адам жаратамын.

:72

Оны / рет-ретімен / теңестіріп Өзімдегі / иелігіміздегі / рухты оның ішіне үрлеген кезде, оған сәжде етіп жығылыңдар», - деді.

:73

Сонда періштелердің барлығы, түгелімен сәжде жасады.

:74

Ал, Ібіліс өзін жоғары санап, менменсіп, сәжде етуден бас тартты. Сөйтіп, кәпірлерден болды.

:75

/ Аллаһ / :«Ей, Ібіліс! Екі қолыммен жаратқаныма сәждеетуіңнен сені не тосты? Сен өзіңді жоғары санадың ба, әлде биік мәртебелілерден болдың ба?» - деді.

:76

/ Ібіліс / : «Мен одан абзалмын. Сен мені оттан жараттың, ал оны лайдан жараттың», -деді.

:77

Ол / Аллаһ / : «Ол жақтан шық, сөзсіз сен қуылғансың.

:78

Әрі Менің лағнетім саған Қайтарым / қиямет / күніне дейін болады», - деді.

:79

/ Ібіліс / : «Раббым! Маған олар қайта тірілтілетін күнге дейін уақыт бер», - деді.

:80

Ол / Аллаһ / : «Негізінде сен уақыт берілгендерденсің,

:81

белгілі мерзімдегі күнге дейін»,- деді.

:82

/ Ібіліс / : «Сенің үстемдігіңмен ант етемін, мен олардың барлығын адастырамын,

:83

тек олардың ішіндегі тазартылған құлдарыңды ғана / азғыра алмаймын / », -деді.

:84

Ол / Аллаһ / айтты: «Бұл - ақиқат! Мен ақиқатты ғана айтамын.

:85

Міндетті түрде Жаһаннамды (Тозақта) сенімен әрі олардың ішінен саған ергендердің барлығымен толтырамын», - деп.

:86

/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Мен сендерден бұл үшін ақы сұрамаймын әрі мен / бұған / өз ойымнан жалған қосушылардан / өзгертушілерден / емеспін.

:87

Бұл / Құран / - әлемдер үшін еске салу, / ескерту / ғана.

:88

Сендер әлбетте оның хабарын бір уақыттан кейін білесіңдер», - деп.