Бүкіл Ислам кітапханасы

36 - Ya Sin - Yā-Sīn

:1

Йа, Син.

:2

Хикметті Құранмен ант етемін!

:3

/ Ей, Мұхаммед! / Шын мәнінде, сен елшілерденсің,

:4

тура жолдағы.

:5

Бұл бәрінен Үстем, ерекше Рақымдының түсіргені,

:6

аталары ескертілмей, өздері қаперсіз жүрген елге ескертуің үшін.

:7

Олардың көпшілігіне қатысты Сөз шындыққа айналды, енді олар сенбейді.

:8

Біз олардың / кәпірлердің / мойындарын иектеріне дейін жететін бұғаулармен құрсаулап қаптадық. Содан олардың бастары кекшиіп қалады.

:9

Әрі Біз олардың алдарынан да тосқауыл және арттарынан да тосқауыл қойып, оларды бүркедік, сондықтан олар көрмейді.

:10

/ Ей, Мұхаммед! / Ескертсең де, ескертпесең де оларға бәрібір, олар иманға келмейді.

:11

Негізінде, сен Ескертуге / Құранға / ерген және әр-Рахманнан / аса Қайырымдыдан / , Оны көрмей-ақ қорыққанға ескерте аласың. Оны кешірім әрі көркем сыймен сүйіншіле.

:12

Ақиқатында, Біз өлілерді қайта тірілтеміз және олардың бұрын әзірлегендерін / істеген амалдарын / және артында қалдырған іздерін жазып қоямыз. Біз әрбірнәрсені анық Түпнұсқада / Ләухул-Махфузда / есептеп қойдық.

:13

/ Ей, Мұхаммед! / Оларға бір кент халқының мысалын келтір. Кезінде ол кентке елшілер келген еді.

:14

Біз оларға / елшінің / екеуін жібергенімізде, олар / кент халқы / екеуін өтірікшіге шығарды. Сонда Біз / ол екеуін / үшіншімен күшейттік те, олар: «Біз - сендерге жіберілген елшілерміз», - деді.

:15

/ Кент халқы / : «Сендер бар болғаны біз сияқты ғана адамсыңдар. Әр-Рахман / аса Қайырымды / ешнәрсе түсірмеді, сендер өтірік айтып тұрсыңдар», - деді.

:16

/ Елшілер / : «Раббымыз біледі. Ақиқатында, біз сендерге жіберілген елшілерміз.

:17

Әрі Бізге жүктелгені анық - түрде жеткізу ғана»,-деді.

:18

/ Кент халқы / : «Біз сендерден жамандықтың нышанын байқап тұрмыз. Егер тыйылмасаңдар, сендерді таспен ұрамыз. Әрі біздің тарапымыздан болған азапқа ұшырайсыңдар», - деді.

:19

/ Елшілер / : «Жаман ырымдарың өздеріңмен бірге. Естеріңе салса да ма / ескертсе де ме / ? Олай емес, сендер шектен шыққан елсіңдер», - деді.

:20

Сонда қаланың шетінен бір кісі жүгіріп келіп: «Әй, адамдар! Елшілерге еріңдер.

:21

Өздеріңнен ақы сұрамайтындарға және тура жолда болғандарға еріндер.

:22

Әрі мен өзімді жаратқанға және өздерің Оған қайтарылатынға / Аллаһқа / қалайша құлшылық етпеймін?

:23

Мен Одан өзгелерді құдайлар етіп аламын ба? Егер әр-Рахман / аса Қайырымды / маған бір зиян тигізуді қаласа, олардың ара түсулері / шапағаты / маған еш пайда бермейді әрі олар мені құтқара да алмайды.

:24

Онда мен сөзсіз анық адасуда болған боламын.

:25

Ақиқатында, мен сендердің Раббыңа сендім. Мені тыңдаңдар.»,- деді.

:26

Оған: «Жәннатқа кір»,- делінді. Ол: «Егер елім білгенде еді,

:27

аббымның мені не үшін кешіргенін әрі мені қадірлілер қатарынан еткенін», - деді.

:28

Біз оның еліне одан кейін аспаннан ешқандай әскер түсірмедік және түсіруші де емеспіз.

:29

Бар болғаны бір ғана сайха болды да, олар сол сәтте өшті.

:30

Өздеріне келген әрбір Елшіні келеке еткен құлдарға қасірет бар\

:31

Олар өздерінен бұрын қанша ұрпақтарды жойып жібергенімізді көрмеді ме? Әрі олардың өздеріне қайта келмейтіндіктерін.

:32

Әрі күмәнсіз, барлығы бірге алдымызға жиналады.

:33

Әрі тіршіліксіз / өлі / жер - олар үшін бір белгі. Біз оны жандандырып / тіршілік бітіріп / , одан олар азық ететін дән шығардық.

:34

Әрі онда құрма бақтары және жүзімдіктер жасадық және онда бастаулар ағыздық,

:35

оның жемістерінен жеулері үшін. бұл олардың қолдарының істегендері емес. Сонда олар шүкір етпей ме / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірмей ме / ?

:36

Жердің өсірген нәрселерін, олардың / адамдардың / өздерін және олар білмейтін нәрселердің барлығын жұп етіп жаратқан Ол / Аллаһ / / барлық кемшіліктен / пәк.

:37

Әрі олар үшін түн - бір белгі. Біз одан күндізді ажыратып аламыз, сол кезде олар қараңғылықта қалады.

:38

Сондай-ақ, күн өзінің белгіленген уақытына жүзеді. бұл - бәрінен Үстем, бәрін Білушінің белгілеуі / тағдыр еткені / .

:39

Әрі айдың да құрманыңқурағанбұтағындай болғанына дейінгі орындарын белгілеп қойдық.

:40

Күннің айға жетуі мүмкін емес әрі түн де күндізден озбайды. Барлығы өз орбиталарында / кеңістіктегі белгіленген айналу жолында / жүзеді.

:41

Әрі олардың / адамдардың / ұрпақтарын толған кемеде алып жүруіміз - олар үшін бір белгі.

:42

Біз олар үшін соған / кемеге / ұқсастан өздері мінетін нәрселерді / түрлі көлік түрлерін / жаратып бердік.

:43

Егер қаласақ, оларды суға батырамыз. Сонда оларға көмекші болмайды әрі өздерін құтқара алмайды,

:44

тек Бізден бір мейірім болып және белгіленген уақытқа дейінгі пайдаландыруымыз болмаса.

:45

Қашан оларға / имансыздарға / : «Сендер мейірімге бөленулерің үшін алдарыңдағы және өздеріңнен кейінгі нәрседен қорқып, сақтаныңдар», - деп айтылса,

:46

әрі олардың Раббысының белгілерінен оларға бір белгі келсе, олар одан теріс бұрылды.

:47

Қашан оларға: «Аллаһтың өздеріңе ризық етіп бергенінен жұмсаңдар», делінсе, күпірлік етушілер / Аллаһқа шүкірсіздікетушілер / иманға келгендерге: «Егер қаласа Аллаһтың Өзі тамақтандыратын біреуді тамақтандырамыз ба? Негізінде сендер анық адасудасыңдар», - деді.

:48

Әрі олар: «Шын сөзді болсаңдар, бүл уәде қашан?» - дейді.

:49

Олар / дүние істерімен / таласып-тартысып жатқандарында өздерін ұстайтын сайхадан басқаны күтпейді.

:50

Сонда олар өсиет қалдыруға шамасы келмейді не үй іштеріне қайта алмайды.

:51

Әрі Сүр үрілген кезде олар қабірлерден / шығып / , өздерінің Раббысына қарай тез жүреді.

:52

Олар: «Қап! Сорымыз құрысын! Бізді жатқан жерімізден кім тұрғызды?» - дейді. / Оларға / : «Бүл әр-Рахманның / аса Қайырымдының / уәде еткені және елшілердің айтқан шындығы», - делінеді.

:53

Ол тек бір сайха ғана, міне сонда олардың барлығы Біздің алдымызға жиналады.

:54

Сол күні ешбір жанға ешқандай әділетсіздік жасалмайды әрі сендерге тек істеген амалдарыңа сай қайтарым беріледі.

:55

Ақиқатында, жәннаттықтар ол күні қуаныш пен рахаттан босамайды.

:56

Олар және олардың жұбайлары көлеңкелердегі перделермен сәнденген жұмсақ сәкілерде сүйеніп отырады.

:57

Олар үшін онда жемістер бар әрі қалаған нәрселері бар.

:58

Ерекше Мейірімді / әр-Рахим / Раббысынан оларға амандасу сөзі - «Сәләм!» болады.

:59

/ Қиямет күні кәпірлерге / : «Ей, қылмыскерлер! Сендер бүгін бөлек тұрыңдар.

:60

Ей, Адам ұрпақтары! Мен сендерге: «Шайтанға Құлшылық қылмаңдар, өйткені ол -сендерге анық дұшпан»,- деп өсиет етіп, тапсырмадым ба?

:61

Әрі« Маған ғана Құлшылық етіңдер, тура жол - осы», - деп.

:62

Ол сендерден көптеген топтарды / адамдарды, халықтарды үмметтерді / адастырды. Ақылдарыңды істетуші болмадыңдар ма?

:63

Сендерге уәде етіліп келген Жаһаннам (Тозақ) міне - осы.

:64

Күпірлік еткендерің / имансыздықтарың / үшін бүгін онда жаныңдар.

:65

Бүгін олардың ауыздарын мөрлейміз де Бізге олардың жасаған істері / күнәлары / туралы қолдары айтып, аяқтары куәлік береді.

:66

Ал, егер де қалағанымызда, олардың көздерін алып қояр едік, сонда олар жолға ұмтылар еді. Бірақ олар / жолды / қалай көреді?

:67

Әрі егер де қалағанымызда, олардың түрлерін / басқа түрге / тұрған орындарында өзгертіп жіберер едік. Сонда олар алға да жүре алмай, артқа да қайта алмай қалар еді.

:68

Біз кімге ұзақ өмір берсек, оны бастапқы жаратылысына кері қайтарамыз. Олар ақылдарын істетпей ме?

:69

Біз оған / елшіге / өлең құрастыруды үйреткен жоқпыз, бұл оған лайықты нәрсе емес. Шын мәнінде, ол - тек еске салу әрі анық Кітап,

:70

оның / Құранның / тірілерді ескертуі және кәпірлерге қатысты Сөздің орындалуы үшін.

:71

Біз олар үшін Өз қолдарымызбен жасағаннан шаруа малдарын жаратып бергенімізді көрмей ме?Әрі олар оған иелік етеді.

:72

Сондай-ақ Біз оны / малдарды / оларға бағынышты етіп бердік. Олар оның кейбірін мінеді, ал кейбірін жеп, азық етеді,

:73

және олар үшін бұларда пайдалар және ішетін нәрсе / сүт / бар. Олар шүкір етпей ме / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірмей ме / ?

:74

Ал олар өздеріне көмектесетін шығар деп Аллаһтан өзгелерді құдайлар етіп алды.

:75

Өздері олар / жасанды құдайлары / үшін дайын тұрған әскер болса да олар бұларға көмектесуге шамасыз.

:76

/ Ей, Мұхаммед! / Олардың сөздері сені қайғыға салмасын. Біз олардың жасыратындары мен жария етіп жатқандарын білеміз.

:77

Адам баласы, Біз өзін бір тамшыдан / ұрық суынан / жаратқанымызды көрмеді ме? Міне, енді ол ашықтан-ашық тартысушы.

:78

Әрі ол өзінің жаратылысын / қалай жаратылғанын / ұмытып, Бізге мысал келтірді. Ол: «Шіріген сүйектерді кім тірілтеді?» - деді.

:79

/ Ей, Мұхаммед!! Айт: «Оны сондай, алғашқы рет жоқтан бар еткен тірілтеді. Ол әрбір жаратылғанды жақсы Білуші», -деп.

:80

Ол сендерге жасыл ағаштан от пайда етті, сендер одан от жағасыңдар.

:81

Аспандарды және жерді жаратушы, олар / адамдар / секілдіні жарата алмай ма? Әрине, / жарата алады / , өйткені Ол барлық нәрсені Жаратушы, бәрін Білуші.

:82

Ол бір нәрсенің болуын қаласа, Оның әмірі бар болғаны: «Бол!» - деу ғана. Сонда ол болады.

:83

Әрбір нәрсенің билігі Өз қолында болған Ол / барлық кемшіліктен / пәк. Сендер Оған қайтарыласыңдар.