105 - The Elephant - Al-Fīl
1
/ Ей, Мұхаммед! / Раббыңның піл иелеріне не істегенін білмедің бе?
2
/ Сонда / олардың айлакерліктерін адасуға айналдырмады ма,
3
әрі оларға құстарды топ-тобымен жібермеді ме?
4
/ Құстар / оларды балшықтан күйдірілген тастармен атқылады,
5
сөйтіп оларды дәні желініп / тапталған / сабандай қылды.