104 - The Traducer - Al-Humazah
:1
Әрбір айып таққышқа, балағаттаушыға қасірет бар\
:2
Сондай мал-дүние жиып, оны санаушыға.
:3
Ол байлығы, өзін мәңгі қалдырады деп ойлайды.
:4
Жоқ, олай емес! Ол міндетті түрде Хутамаға тасталынады.
:5
«Хутаманың» не екенін саған не білдірді?
:6
Ол - Аллаһтың жандырылған оты,
:7
сондай, жүректерге жететін.
:8
Ақиқатында ол / от / олардың үстерінен жауып тұрады,
:9
созылған діңгектермен.