102 - The Rivalry in world increase - At-Takāthur
:1
Сендерді арттыра түсу құмарлығы / өзіне бұрып / шұғылдандырып қойды, -
:2
тіпті қабірлерді зиярат еткендеріңше.
:3
Жоқ, олай емес! Сендер жақында білесіңдер.
:4
Кейін, тағы да жоқ! Сендер жақында білесіңдер.
:5
Жоқ! Егер сендер айқын біліммен білгендеріңде еді?!
:6
Сендер Жахимді міндетті түрде көресіңдер!
:7
Кейін оны айқын түрде көресіңдер.
:8
Содан кейін сол күні сендер / берілген / игіліктер үшін міндетті түрде сұраласыңдар.