101 - The Calamity - Al-Qāri`ah
:1
Әл-Қариъа / үлкен апат / .
:2
Әл-Қариъа деген не?
:3
Әл-Қариъа не екенін саған не білдірді?
:4
Ол күні адам баласы бытырап таралған көбелектей болады,
:5
әрі таулар түтілген жүндей болады.
:6
Сонда кімнің таразысы ауыр тартса,
:7
онда ол -разы болатын бір өмірде болады.
:8
Ал, кімнің таразысы жеңіл тартса,
:9
онда оның «анасы» / баратын орнының негізі / Һауия болады.
:10
Ал оның не екенін саған не білдірді?
:11
Ол - жалындаған от