All Islam Directory
1

Ей, Пайғамбар! Әйелдеріңнің ризалығын қалап, неге Аллаһтың өзіңе рұқсат еткеніне тыйым саласың. Ал, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.

2

Аллаһ сендерге анттарыңнан азат болудың жолын бекітті. Аллаһ - сендердің Қамқоршыларың. Ол - бәрін Білуші, аса Дана.

3

Кезінде Пайғамбар әйелдерінің біреуіне бір сөзді құпиялап айтқан еді. Ал, ол / әйелі / сырды басқағахабарлағанда, сонда Аллаһ мұны оған / елшіге / білдірді. Ол / Пайғамбар / оның кейбірін / әйеліне / айтты және кей бөлігін бүгіп қалды. Ол оны оған хабарлаған кезде, / әйелі / «Мұны саған кім хабарлады?» - деді. Ол: «Маған бәрін Білуші, әрбір нәрседен Хабардар хабарлады», - деді.

4

Екеуің істеген күнәләріңе шына­йы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтсаңдар / тәубе етсеңдер / , өйткені сендердің жүректерің ауытқыды. Ал, егер оған қарсы бір-біріңе болыссаңдар, ақиқатында, Аллаһ оның Қамқоршысы әрі Жәбірейіл мен иманға келгендердің ізгілері оның досы. Ал, одан кейін періштелер де оған көмектесуші.

5

Егер ол сендерді талақ етсе, Раббысы оған әлбетте сендерден жақсы мұсылман, иманды, бағынушы, істеген күнәларына шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтушы / тәубе етуші / , құлшылық жасаушы, ораза ұстаушы, тұрмыста болған / жесір не күйеуден қайтқан / және тұрмыс құрмағандарды ауыстырып береді.

6

Ей, иманға келгендер! Өздеріңді және үй іштеріңді отыны адамдар мен тастардан болған Оттан сақтаңдар. Оның басында қатал, ызғарлы, Аллаһтың бұйрықтарына қарсы келмейтін әрі өздеріне бұйырылғанды орындайтын періштелер бар.

7

Ей, сондай күпірлік еткендер / иманды теріске шығарғандар / ! Бүгін ақталып, уәж айтпай-ақ қойыңдар. Сендерге тек, істеген амалдарыңның қайтарымы ғана беріледі.

8

Ей, иманға келгендер! Аллаһқа шын ықыласпен, істеген күнәләріңе шынайы өкініп, Оғанбойсұнуға қайтыңдар / тәубе етіңдер / , әлбетте сендердің Раббың жамандықтарыңды кешіреді әрі Пайғамбарды және онымен бірге иманға келгендерді қорламайтын күні Аллаһ сендерді астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтарға кіргізеді. Олардың нұрлары алдарында және оң жақтарында жүреді. Олар: «Раббымыз! Бізге нұрымыздытолықтыр және бізді кешір, сөзсіз Сен - барлық нәрсені жасай алушысың», - дейді.

9

Ей, Пайғамбар! Кәпірлермен және мұнафиқтармен күрес және Оларға қатаң бол. Олардың орындары - Жаһаннам (Тозақ) . Ол баратын орын неткен жаман!

10

Аллаһ Нұхтың әйелі мен Лұттың әйелін күпірлік етушілердің / имансыздардың / мысалы етіп келтірді. Ол екеуі Біздің құлдарымыздан екі ізгі құлдың некесінде еді. Ол екеуі оларға қиянат жасады. Алайда, ол екеуіне Аллаһтың алдында еш нәрсе пайда бермеді және: «Екеуің кірушілермен бірге Отқа / тозаққа / кіріңдер», - делінді.

11

Ал, иманға келгендердің мысал-үлгісі етіп, Аллаһ Фиръаунның әйелін келтірді. Кезінде ол: «Раббым! Маған Өзіңнің құзырыңнан Жәннатта бір үй тұрғыз және мені Фиръаун мен оның істерінен құтқар әрі мені әділетсіз адамдардан құтқар», - деген еді.

12

Сондай-ақ әйелдік пәктігін қорғаған ’Имранның қызы Мэриямды да. Біз оған / Өз иелігіміздегі / рухымыздан үрледік. Ол Раббысының сөздеріне және Кітаптарына сенді әрі / Раббысына / берілушілерден болды.