Бүкіл Ислам кітапханасы

47 - Muhammad - Muĥammad

:1

Күпірлік еткендердің / иманға келмегендердің / және / адамдарды / Аллаһтың жолынан бұрғандардың амалдарын Ол зая кетірді.

:2

Ал, иманға келген және ізгі амал жасаған әрі Мұхаммедке түсірілгенге - бұл / Құран / олардың Раббысынан келген ақиқат сенгендердің, Ол жамандықтарын өшірді әрі жағдайларын түзелтті.

:3

Мұның себебі, сондай күпірлік етушілердің / имансыздардың / жалғанға ілескендігі, ал иманға келгендердің өздерінің Раббысынан келген ақиқатқа ергендіктерінен. Аллаһ адамдарға, олардың мысалдарын осылай келтіреді.

:4

Ал, қашан / соғыс майданында / күпірлік етушілермен / сендермен соғысушы кәпірлермен / кездессеңдер мойындарынан ұрыңдар. Қашан оларды басып, әлсіреткеннен кейін, байлауды мықтап бекітіңдер / тұтқындарды қамаңдар / ,Содан кейін соғыс жүгін түсіргенге / аяқталғанға / дейін не рақым ету, не төлем алу керек. Міне осылай! Егер де Аллаһ қалағанда, олардан Өзі кек алып жазалайтын еді. Бірақ, Ол сендерді біріңді-бірің арқылы сынауы үшін / осылай етті / . Аллаһ жолында өлтірілгендердің амалдарын Ол ешқашан зая кетірмейді:

:5

Ол / Аллаһ / оларды тура жолмен жүргізеді және олардың жағдайларын түзетіп оңалтады,

:6

әрі оларды Өзі сипаттап таныстырған Жәннатқа кіргізеді.

:7

Ей, иманға келгендер! Егер Аллаһқа көмек берсеңдер, Ол сендерге көмек береді және табандарыңды бекітеді.

:8

Ал, сондай күпірлік еткендерге / Аллаһқа қарсы келгендерге / - оларға жойылу бар әрі Ол / Аллаһ / олардың барлық амалдарын зая кетіреді.

:9

Бұл - олардың Аллаһтың түсіргенін жақтырмағандығы / жек көргендігі / себебінен. Сондықтан Ол / Аллаһ / олардың амалдарын бекер етті.

:10

Олар жер бетінде сапар шекпеді ме, сөйтіп өздерінен бұрынғылардың соңы қалай болғанын көрмеді ме? Аллаһ оларды жойып жіберді. Кәпірлерге де сол секілді / болады / .

:11

Мұның себебі, иманға келгендердің Иесі, Қамқоршысы - Аллаһ, ал кәпірлердің қамқоршысы жоқ болғандығынан.

:12

Ақиқатында, Аллаһ иманға келген және ізгі амал істегендерді астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтарғакіргізеді. Ал, сондай күпірлік етушілер / имансыздар / болса, олар / дүниеден / рахаттанып пайдаланады әрі малдардың қоректенгені секілді жеп-ішеді. Олардың тұрағы - От / тозақ / .

:13

/ Ей, Мұхаммед! / Сені қуып, шығарып жіберген кенттен де күш-қуаты мол, мықты қаншама елді мекенді Біз жойып жібердік. Оларға көмектесуші ешкім болмады.

:14

Раббысынан анық дәлел үстінде болған біреу, өзіне ісінің жамандығы әдемі етіп көрсетілген және көңілқұмарлығына ергендер секілді бола ма?

:15

Тақуаларға / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарға! уәде етілген жәннаттың сипаты: ол жерде суы бұзылмайтын өзендер, дәмі айнымаған сүттен өзендер, ішушілерге ұнамды сусыннан өзендер және таза / қоспадан тазаланған / балдан өзендер бар. Оларға ол жерде әртүрлі жемістер бар әрі Оларға өздерінің Раббысынан кешірім болады. / Осылар / Отта мәңгі қалатын, сондай қайнап тұрған су ішкізіліп, ол ішектерін тіліп жіберетін біреулермен бірдей бола ма?

:16

Әрі олардың / мұнафиқтардың! арасында сені тыңдайтындар бар. Алайда сенің алдыңнан шыққан кезде, олар білім берілгендерге / сахабаларға / : «Ол әлгінде не айтты?» - дейді. Міне, солар - жүректерін Аллаһ мөрлеп тастағандар әрі олар - көңіл құмарлығына ергендер.

:17

Ал, тура жолды ұстанғандарға Ол / Аллаһ / туралықтарын / тура жолды ұстануын / арттырады әрі оларға тақуалықты / Өзінің жазасынан қорқып, сақтануды / береді.

:18

Олар өздеріне кенеттен келетін Сағаттан / Қайта тірілу күнінен / басқа нәрсенің келуін күтуде ме? Негізінде, оның / кейбір / белгілері келді. Ол / Сағат / өздеріне келген кезде, еске алу Оларға не береді.

:19

/ Ей, Мұхаммед! / Біл, Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ. Өзіңнің күнәң үшін және иманды ерлер мен иманды әйелдер үшін кешірім тіле. Аллаһ сендердің қозғалып, әрекет ететін орындарыңды және тұрақтайтын орындарыңды біледі.

:20

Иманға келгендер: «Бір сүре түсірілмей ме?» - дейді. Ал, қашан анық бір сүре түсіріліп және онда соғыс туралы айтылса, жүрегінде дерті барлардың саған өлімнен қорқып есі кеткен біреудің қарағанындай қарайтынын көресің. Негізінде, Оларға көбірек лайықтысы -

:21

бойсұну және жақсы соз еді. Шешім қабылданған кезде олардың Аллаһқа адал болуы өздері үшін қайырлы болар еді.

:22

Ал, егер сендер теріс бұрылсаңдар, онда жер бетін бұзушы және туыстық байланысты үзушілерден боласыңдар.

:23

Міне, бұлар - Аллаһтың лағнет еткендері / мейірімінен алыстатқандары / , сөйтіп / Ол / оларды керең әрі көздерін де соқыр қылды.

:24

Олар Құранға зер салып қарамай ма? Әлде олардың жүректері құлыптаулы ма?

:25

Ақиқатында, өздеріне тура жол анықталғаннан кейін арттарына қайтқандарға шайтан / имансыздықты / көркем етіп көрсетті әрі / өтірік үмітке! иландырды.

:26

Бұлай болуы, олардың Аллаһтың түсіргенін жаман көрушілерге: «Біз кейбір істе сендерге бағынамыз», - деп айтқандығы себебінен. Аллаһ олардың не жасырғандарын біледі.

:27

Періштелер олардың жандарын алғанда, беттері мен арқаларынан ұрғанда қалай болмақ?

:28

Мұның себебі олардың Аллаһтың қаһарын шақыратын нәрселерге еруі және Оның ризалығын / Ол ұнатқан істерді / жаман көрулерінен. Сондықтан Ол / Аллаһ / олардың амалдарын пайдасыз, бекер етті.

:29

Сонда жүректерінде дерті барлар, Аллаһ олардың өшпенділігін ешқашан әшкерелемейді деп ойлады ма?

:30

/ Ей, Мұхаммед! / Егер де қалағанымызда, Біз оларды саған көрсетіп, сен олар­ды белгілерінен / нышандарынан / танитын едің. Алайда сен оларды сөз әлпетінен / мағынасынан / танисың. Аллаһ сендердің істеріңді біледі.

:31

Әрі Біз сендерді міндетті түрде, сынаққа ұшыратамыз - сендерден күресушілер және сабыр етушілер анықталғанға дейін әрі хабарларыңды да / сөздері мен амалдарыңды / сынаймыз.

:32

Шын мәнінде, сондай күпірлік етушілер / иманға келмегендер / және Аллаһтың жолынан қайтарғандар әрі өздеріне тура жол анықталғаннан кейін Елшіге қарсы шыққандар - Аллаһқа ешбір нәрседе мүлдем зиян келтіре алмайды. Ал, Ол / Аллаһ / олардың амалдарын бекер етеді.

:33

Ей, иманға келгендер! Аллаһқа бойсұныңдар әрі Елшіге бағыныңдар және амалдарыңды зая кетірмеңдер.

:34

Анығында, сондай күпірлік еткен / иманға келуден бас тартқан / және өзгелерді Аллаһтың жолынан қайтарған, кейін кәпір күйлерінде өлгендерді Аллаһ ешқашан кешірмейді.

:35

Босаңдық танытпаңдар және өздерің жоғары бола тұрып келісімге шақырмаңдар. Аллаһ сендермен бірге әрі Ол амалдарыңды ешқашан кемітпейді.

:36

Шын мәнінде, бұл дүние тіршілігі - ойын және ермек қана. Егер иманға келсеңдер және тақуалық етсеңдер / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар / , Ол сендерге сыйларыңды береді әрі Ол сендерден мал-дүниелеріңді сұрамайды.

:37

Егер Ол сендерден оны сұрап, / тұтас берулеріңді / қатаң талап ететін болса, онда сендер сараңдық етіп әрі Ол сендердің іштеріңдегі қарсылықты / ашу-ызаны / әшкере етер еді.

:38

Міне, сендер Аллаһтың жолында мал-дүние жұмсауға шақырылудасыңдар. Сендердің араларыңда сараңдық ететіндер бар. Ал, кім сараңдық етсе, өз-өзіне / өз зиянына / ғана сараңдық етеді. Аллаһ әл-Ғани / Бай, ешнәрсеге мұқтаж емес / , ал сендер - мұқтажсыңдар. Егер сендер теріс бұрылсаңдар, Ол сендерді басқа адамдармен алмастырады, содан кейін олар сендер секілді болмайды.