Бүкіл Ислам кітапханасы

44 - The Smoke - Ad-Dukhān

:1

Ха. Мим.

:2

Анық Кітаппен ант етемін!

:3

Ақиқатында, Біз оны берекелі түнде түсірдік. Шын мәнінде, Біз ескертіп, сақтандырамыз.

:4

Ол түні әрбір хикметті бұйрықтар бөлінеді,

:5

Біздің әміріміз бойынша. Анығында, Біз жіберуші болдық,

:6

Раббыңнан бір мейірім етіп. Ақиқатында, Ол бәрін Естуші , барлық нәрсені Білуші.

:7

Егер айқын сенуші болсаңдар, бұл / мейірім / - аспандардың және жердің әрі ол екеуінің арасындағылардың Раббысынан.

:8

Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол тірілтеді және өлтіреді. Ол - сендердің Раббың әрі бұрынғы ата-бабаларыңның да Раббысы.

:9

Бірақ олар / сенбейтіндер / күмәнда болып, ойын етіп жүр.

:10

/ Ей, Мұхаммед! / Ал, сен аспан анық түтінді әкелетін Күнді күт.

:11

Ол адамдарды орап алады. Бұл - күйзелтуші азап.

:12

/ Олар / : «Раббымыз! Бізді азаптан айықтыр, біз иманға келеміз»,- дейді.

:13

Оларда еске алу қалай болсын, анығында оларға анық түсіндіруші Елші келген еді ғой!

:14

Кейін олар одан теріс бұрылды әрі: «Үйретілген, жын соққан», - деді.

:15

Негізінде, Біз азапты аз уақытқа арылта тұрамыз. Алайда сендер / имансыздьіща) қайта ораласыңдар.

:16

Сол / қиямет / күні Біз / имансыздарды / қатты ұстаумен ұстаймыз, сонда, Біз сөзсіз, жазалаймыз.

:17

Әрі Біз олардан бұрын Фиръаунның елін сынаған едік. Әрі оларға бір ардақты Елші келді.

:18

/ Ол / : «Аллаһтың құлдарын маған тапсырыңдар. Ақиқатында мен - сендерге / жіберілген / сенімді Елшімін.

:19

Аллаһқа қарсы менмендік етпеңдер, мен сендерге анық дәлелмен келдім.

:20

Әрі мен сендердің таспен ұруларыңнан өзімнің Раббым әрі сендердің Раббыңа / Аллаһқа / сиынып, Оның қорғауына жүгіндім.

:21

Егер маған сенбесеңдер, онда менен аулақ болыңдар», - деді?

:22

Сөйтіп / кейін / ол: «Негізінде, бұлар - қылмыскер ел», - деп, Раббысына жалбарынды.

:23

Сонда: «Құлдарымды алып, түнде жолға шық. Олар сендердің соңдарыңнан түседі.

:24

Әрі теңізді тыныш күйінде қалдыр, өйткені олар / фиръаундықтар / суға батырылатын әскер»,- / деген уахи келді / .

:25

Олар қаншама бақтар мен бұлақтарды қалдырды,

:26

егіндер мен кең салтанатты орын жайларды,

:27

әрі өздері рахатын көрген игіліктерді.

:28

Міне осылай! Біз бұлардың барлығын басқа елге мұра етіп бердік.

:29

Оларға / фиръаундықтарға / аспан да, жер де жыламады әрі оларға ұзартылмады / мұрсат берілмеді / .

:30

Әрі Біз Исраил ұрпақтарын қорлаушы азаптан құтқардық -

:31

Фиръауннан. Анығында, ол өзін жоғары санап, менменсіген әрі шектен шығушылардан еді.

:32

Әрі Біз оларды білімімізбен әлемдерден таңдадық.

:33

Біз оларға белгі-мұғжизаларды бердік. Оларда анық сынақтар бар еді.

:34

Ақиқатында, бұлар / мүшріктер / әлбетте былай деп айтады:

:35

«Біздің тек бірінші өлуіміз ғана / бар / әрі біз қайта тірілтілмейміз.

:36

Егер шын сөзді болсаңдар, аталарымызды келтіріңдер», - деп.

:37

Олар артық па, әлде Туббаъның елі және олардан бұрын өткендер ме? Біз оларды жойып жібердік. Өйткені олар қылмыскер еді.

:38

Біз аспандарды және жерді әрі екеуінің арасындағыларын ермек етіп, / бостан-бос / жаратқан жоқпыз.

:39

Біз екеуін ақиқатпен ғана жараттық. Бірақ олардың көбі білмейді.

:40

Шын мәнінде, Айыру Күні - олардың барлығы үшін белгіленген мерзім.

:41

Ол күні ешбір жақын жақынына пайда бермейді әрі оларға көмек те көрсетілмейді,

:42

тек Аллаһ мейіріміне бөлегендер ғана басқа. Ақиқатында, Ол бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді.

:43

Күдіксіз, заққұм ағашы -

:44

күнәһардың тамағы.

:45

Ол қарындарда балқыған мыс секілді қайнайды,

:46

қайнап тұрғаны судың / бұрқылдап / қайнағанындай.

:47

Оны ұстаңдар да Жахимнің ортасына сүйретіп апарыңдар.

:48

Содан кейін оның басының үстінен қайнап тұрған судың азабынан құйыңдар.

:49

/ Сонда сенбеушілерге / : «Татып көр, сен «күшті, құрметтісің» ғой.

:50

Анығында, бұл - сендердің күмәнданып келгендерің.

:51

Ақиқатында, тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / бейбіт орындарда -

:52

Жәннат бақтары мен бұлақтарында.

:53

Олар жұқа және қалың жібектен киімдер киіп, бір-біріне жүзбе-жүз халде отырады.

:54

Осылай! Әрі оларды аппақ, көздері үлкен де әдемілермен / хурлармен / үйлендіреміз.

:55

Олар ол жерде амандықта болып, кез келген жемісті алдыра алады.

:56

Алғашқы өлімнен кейін ол жерде олар өлімді татпайды. Әрі Ол - оларды Жахим азабынан сақтаған.

:57

/ Ей, Мұхаммед! / Бұл - сенің Раббыңның кеңшілігімен. Міне, осы - ұлы жетістік.

:58

Шын мәнінде, Біз оны / Құранды / олардың еске алулары үшін сенің тіліңде жеңілдеттік.

:59

Енді күт, негізінде олар да күтуде.