Бүкіл Ислам кітапханасы

26 - The Poets - Ash-Shu`arā

:1

Та. Син. Мим.

:2

Бұл - анық Кітаптың аяттары.

:3

/ Ей, Мұхаммед! / Олардың иманға келмегеніне / қайғырып / , өзіңді жойып жібере жаздайсың.

:4

Егер қалағанымызда, оларға аспаннан бір белгі түсірер едік те олардың мойыны оған иілген болар еді.

:5

Ал, оларға әр-Рахманнан жаңа бір еске салу, / ескерту / келген сайын, олар одан теріс бұрылды.

:6

Әрі олар оны жалғанға шығарды. Таяуда оларға келеке еткен нәрселерінің хабары келеді.

:7

Олар жерге қарамай ма, Біз онда / жер бетінде / қаншама керемет түрлерді өсірдік.

:8

Әлбетте мұнда белгі-дәлел бар. Бірақ олардың көпшілігі иманды / мүмін / болмады.

:9

/ Ей, Мұхаммед! / Шын мәнінде сенің Раббың аса Үстем, ерекше Мейірімді .

:10

Кезінде Раббың Мұсаға: «Әділетсіз елге бар

:11

Фиръаунның еліне. Олар / Раббысынан / қорқып, сақтанбай ма?» деді.

:12

Ол: «Раббым! Мен олардың өзімді өтірікшіге шығаруларынан қорқамын

:13

әрі кеудемнің тарылып, тілімнің күрмеліп қалуынан. Сондықтан Һарұнға да жібер.

:14

Әрі менің мойнымда оларға қатысты істелген күнә бар. Олардың мені өлтіруінен қорқамын», -деді.

:15

/ Аллаһ / : «Жоқ, олай болмайды. Екеуің Біздің белгілерімізбен барыңдар. Ақиқатында Біз сендермен біргеміз, естіп тұрамыз.

:16

Фиръаунға барып: «Біз - әлемдер Раббысының Елшісіміз.

:17

Исраил ұрпақтарын бізбен бірге жібер», - деп айтыңдар», - деді.

:18

/ Фиръаун / : «Біз сені сәби кезіңнен арамызда бағып өсірмедік пе? Сен өміріңнің талай жылын арамызда өткізіп едің ғой.

:19

Кейін сол бір жасаған ісінді жасадың / адам өлтірдің /.Әрі сен жақсылықты мойындамаушылардансың», - деді.

:20

/ Мұса / : «Мен оны адасушылардан болған кезімде істедім.

:21

Сендерден қорыққан соң қашып кеттім. Кейін Раббым маған үкім берді әрі мені елшілерден етті.

:22

Ал, сенің маған міндетсініп отырған игілігің, бұл - Исраил ұрпақтарын құл етуің», - деді.

:23

Фиръаун: «Әлемдердің Раббысы деген не?» деді.

:24

/ Мұса / : «Ол - аспандар мен жердің және екеуінің арасындағылардың Раббы­сы / Иесі / , егер көз жеткізетін болсаңдар», - деді.

:25

/ Фиръаун / айналасындағыларға: «Сендер естіп тұрсыңдар ма?» - деді.

:26

/ Мұса / : «Ол сендердің Раббың әрі бұрынғы ата-бабаларыңның Раббысы», -деді.

:27

/ Фиръаун / : «Шындығында сендерге жіберілген Елші жын соққан біреу», - деді.

:28

/ Мұса / : «Егер ақылдарыңды істететін болсаңдар, Ол шығыс пен батыстың әрі екеуінің арасындағылардың Раббысы», - деді.

:29

/ Фиръаун / : «Егер сен менен басқаны құдай етіп алсаң, сені зынданғатасталғандардан етемін»,- деді.

:30

/ Мұса / : «Мен саған айқын бірнәрсе келтірсем де ме?» - деді.

:31

/ Фиръаун / : «Егер шын сөзділерден болсаң, оны әкел», - деді.

:32

Сонда ол асасын тастады да, сол уақытта ол нағызжыланға айналды.

:33

Әрі қолын шығарғанда ол қарап тұрғандарға аппақ / нұрлы / болды.

:34

/ Фиръаун / айналасындағы уәзірлеріне: «Негізінде бұл - білгір сиқыршы.

:35

Ол сендерді сиқыры арқылы жерлеріңнен шығарып жіберуді қалайды, енді не кеңес бересіңдер?» - деді.

:36

Олар: «Оны және оның бауырын қоя тұр да қалаларға / сиқыршыларды / жинап келушілерді жібер.

:37

Олар саған әрбір білгір сиқыршыны алып келсін», - деді.

:38

Сөйтіп сиқыршылар белгілі күннің белгіленген уақытына жиналды.

:39

Әрі адамдарға: «Сендер жиналып болдыңдар ма?

:40

Егер сиқыршылар жеңетін болса, біз соларға еретін шығармыз», - делінді.

:41

Сиқыршылар келген соң, олар Фиръаунға: «Егер жеңіске жетсек, бізге сый бар ма?» -деді.

:42

Ол: «Иә. Ол жағдайда сендер / маған / жақындатылғандардан боласыңдар», - деді.

:43

Мұса Оларға: «Тастайтын нәрселеріңді тастаңдар», - деді

:44

Олар жіптері мен асаларын / таяқтарын / тастап: «Фиръаунның құдіретімен ант етеміз! Әлбетте біз жеңеміз»,- деді.

:45

Мұса да асасын тастады, сол кезде ол олардың жасаған жалған / елес етіп көрсеткен / нәрселерін жұта бастады.

:46

Сонда сиқыршылар сәждеге жығылды.

:47

Олар: «Біз әлемдердің Раббысына сендік -

:48

Мұса мен Һарұнның Раббысына», - деді.

:49

/ Фиръаун / : «Сендер мен рұқсат берместен бұрын оған сендіңдер ме? Негізінде ол сендерге сиқыр үйреткен үлкендерің екен. Жақында білесіңдер. Мен сендердің қол-аяқтарыңды айқыштап / оң қол - сол аяқ, сол қол - оң аяқтарыңды / кесемін жәнебарлығыңды керіп тастаймын»,- деді.

:50

Олар: «Бізге оның зияны жоқ! Өйткені біз -Раббымызға қайтушымыз.

:51

Біз иманға келушілердің ең алдыңғылары болғанымыз үшін Раббымыздың күнәларымызды кешіруін қатты үміт етеміз», - деді.

:52

Біз Мұсаға: «Құлдарымды түн ішінде жолға алып шық, өйткені олар сендердің соңдарыңнан түседі», - деп уахи еттік.

:53

Сонда Фиръаун қалаларға / әскер / жинаушыларды жіберді.

:54

/ Ол / : «Негізінде олар аз ғана топ.

:55

Әрі олар біздің ашу-ызамызды келтірді,

:56

және шын мәнінде біз барлығымыз да сақ болуымыз керек», - деді.

:57

Біз оларды бақтары мен бұлақтарынан / осылай / шығардық

:58

әрі қазыналары мен сәулетті тұрақ жайларынан.

:59

Осылай. Әрі Біз оны / ол жерді / Исраил ұрпақтарына мура етіп бердік.

:60

Олар / Мұсаның / артынан таңертең түскен еді.

:61

Екі топ бірін-бірі көрген кезде, Мұсаның жанындағылар: «Анығында, бізге қуып жететін болды», - деді.

:62

/ Мұса / : «Жоқ, олай емес! Ақиқатында, Раббым менімен. Ол маған жол көрсетеді», -деді.

:63

Сонда Біз Мұсаға: «Таяғыңмен теңізді ұр», - деп уахи еттік. Сол кезде ол / теңіз / екіге жарылып, әр бөлігі үлкен таудай болды.

:64

Әрі Біз / ол жерге / басқаларды / фиръаундықтарды / жақындаттық.

:65

Әрі Біз Мұсаны және онымен бірге болғандарды - барлығын құтқардық.

:66

Содан кейін басқаларды суға батырдық.

:67

Шын мәнінде мұнда белгі-ғибрат бар. Бірақ олардың көбі иманға келушілерден болмады.

:68

Ақиқатында, Раббың аса Үстем , ерекше Мейірімді.

:69

Оларға Ибраһим жайлы хабарды оқы.

:70

Кезінде ол әкесіне және еліне: «Сендер не нәрсеге құлшылық етесіңдер?» - деді.

:71

Олар: «Біз пұттарға табынамыз әрі олармен әрқашан біргеміз», - деді.

:72

Ол: «Сұрап, жалбарынған кездерінде, олар сендерді ести ме?

:73

Әлде олар сендерге пайда келтіре ала ма, не зиян жеткізе ала ма?» - деді.

:74

Олар: «Жоқ. Біз аталарымыздың / құлшылықтарын / осылай жасайтынын көрдік», -деді.

:75

Ол: «Не нәрсеге табынып жатқандарыңа байқап қарадыңдар ма,

:76

өздеріңнің және бұрынғы өткен аталарыңның.

:77

Ақиқатында, тек әлемдердің Раббысынан басқа олардың / пұттардың / бәрі - менің жауым.

:78

Ол мені жаратты әрі Ол мені тура жолмен жүргізеді,

:79

және Ол мені тамақтандырады әрі сусындатады.

:80

Ал, ауырған кезімде, Ол маған шипа береді.

:81

Әрі Ол мені өлтіреді, содан кейін тірілтеді.

:82

Ал Есеп күні мен Оның қателерімді кешіруін үміт етемін.

:83

Раббым! Маған даналық / білім / бер және мені ізгілермен бірге ет,

:84

Және кейінгілердің ішінде мені тура сөз / турашылдықтың тілі / ет,

:85

және мені Наъим жәннатының мұрагерлерінен ете гөр!

:86

Әрі әкемді кешір, өйткені ол адасушылардан болды.

:87

және олар қайта тірілтілетін күні мені қор ете көрме», - деді.

:88

Ол күні байлық та, балалар да пайда бермейді,

:89

тек Аллаһқа cay жүрекпен келгендер ғана басқа.

:90

Әрі тақуаларға / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанатындарға / Жәннат жақындатылады.

:91

Ал, адасқандарға Жаһим / тозағы / көрсетіледі.

:92

Оларға: «Сендердің табынғандарың қайда,

:93

Аллаһтан өзге? Олар сендерге жәрдем бере ала ма, әлде өздеріне көмек бере ала ма?» - делінеді.

:94

Сөйтіп олар және адасқандар оның ішіне лақтырылады,

:95

әрі Ібілістің / жын мен адамнан болган / әскерлерінің барлығы да.

:96

Олар онда тартысқан күйлерінде:

:97

«Аллаһпен ант етейік, шын мәнінде біз анық адасуда болыппыз,

:98

сендерді әлемдердің Раббысына теңеген кезімізде.

:99

Бізді тек қылмыскерлер / күнәһарлар / адастырды.

:100

Енді бізге ара түсушілер жоқ,

:101

жанашыр дос та жоқ.

:102

Егер де бізге қайту мүмкіндігі болғанда, онда біз имандылардан / мүміндерден / болар едік», - дейді.

:103

Әлбетте Мұнда / осы оқиғада / белгі-ғибрат бар. Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді.

:104

Ақиқатында, Раббың бәрінен Үстем , ерекше Мейірімді.

:105

Нұхтың елі елшілерді өтірікшіге шығарды.

:106

Кезінде оларға ағайыны Нұх: «Сендер қорықпайсыңдар ма?

:107

Ақиқатында, мен - сендерге сенімді бір Елшімін,

:108

енді Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар.

:109

Мен сендерден бұл үшін сыйақы сұрамаймын. Менің сыйым - әлемдердің Раббысында.

:110

Енді Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар»,- деді.

:111

Олар: «Саған ілескендер ең төмен / бейшара / адамдар болса, біз саған сенеміз бе?» - деді.

:112

Ол: «Менде олардың не істегендері туралы білім жоқ.

:113

Егер де сезетін / аңғаратын / болсаңдар, олардың есебі Раббымда.

:114

Әрі мен иманға келгендерді қумаймын.

:115

Мен тек анық ескертуші ғанамын»,- деді.

:116

Олар: «Ей, Нұх! Егер / насихатыңды / тоқтатпасаң, таспен атқыланғандардан боласың», - деді.

:117

Ол: «Раббым! Елім мені өтірікші санады.

:118

Енді мені мен олардың арасына нақ үкім бер және мені әрі менімен бірге болған имандыларды құтқар», - деді.

:119

Сонда, Біз оны және онымен бірге болғандарды лық толы кемеде құтқардық.

:120

Содан кейін қалғандарды суға батырдық.

:121

Әлбетте, мұнда белгі-ғибрат бар. Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді.

:122

/ Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Раббың бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді.

:123

Ад елі елшілерді өтірікшігешығарды.

:124

Сонда оларға ағайыны Һұд: «Сендер қорықпайсыңдар ма?

:125

Ақиқатында мен - сендерге сенімді бір Елшімін,

:126

енді Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар.

:127

Мен сендерден бұл үшін сыйақы сұрамаймын. Менің сыйым - әлемдердің Раббысында.

:128

Сендер әр төбеге қажетсіз бір белгі / ескерткіш / тұрғызасыңдар ма?

:129

Әрі мәңгі өмір сүретіндей сарайлар саласыңдар.

:130

Ал, / біреуді / ұстасаңдар, қатыгездікпен ұстадыңдар / жазаладыңдар / .

:131

Енді Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар.

:132

Сендерді өздерің білетін нәрселермен қамтамасыз еткеннен қорқыңдар:

:133

Ол сендерге малдарды және ұлдарды берді,

:134

бақтар мен бұлақтарды.

:135

Ақиқатында, мен сендерге ұлы Күннің азабы түсуінен қорқамын», - деді.

:136

Олар: «Сен үгіттесең де, үгіттеушілерден болмасаң да - біз үшін бәрібір.

:137

Бұл - бар болғаны бұрынғылардың салты ғана,

:138

әрі біз азапталмаймыз», - деді.

:139

Сөйтіп олар оны өтірікшіге шығарды, сонда Біз оларды жойдық. Әлбетте Мұнда / осы оқиғада / дәлел бар. Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді.

:140

/ Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Раббың бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді.

:141

Сәмұд елі елшілерді өтірікшіге шығарды.

:142

Сонда оларға ағайыны Салих: «Сендер қорықпайсыңдар ма?

:143

Анығында, мен - сендерге сенімді бір Елшімін,

:144

енді Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар.

:145

Мен сендерден бұл үшін сыйақы сұрамаймын. Менің сыйым - әлемдердің Раббысында.

:146

Сендер осындағы бар нәрселердің арасында қауіпсіз күйде қалдырыласыңдар ма,

:147

бақтар мен бұлақтардың,

:148

және егіндіктер мен жемісі жұмсақ құрма ағаштары арасында?

:149

Әрі сендер менмендік танытып, тауларда үйлер қашап аласыңдар.

:150

Енді Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар.

:151

Әрі шектен шығушылардың бұйрығына бағынбаңдар,

:152

сондай, жер бетінде бұзу-бүлдірушілік жасап, ешбір нәрсе түзетпейтіндердің», деді.

:153

Олар: «Шын мәнінде сен сиқырланғанның бірісің.

:154

Сен бар болғаны біз секілді бір адамсың. Егер шын сөзділерден болсаң, онда бір белгі келтір»,- деді.

:155

Ол / Салих / : «Міне, мынау - түйе. Оның су ішетін кезегі әрі сендердің де су ішетін кезектерің белгіленген күндер бойынша / бөлінеді / .

:156

Оған жамандықпен тиіспеңдер, болмаса сендерге ұлы Күннің азабы тиеді», - деді.

:157

Алайда олар оның тірсегін кесіп / өлтіріп / , кейін өкінушілерге айналды.

:158

Сонда оларға азап түсті. Әлбетте мұнда / осы оқиғада / дәлел-ғибрат бар. Алайда олардың көпшілігі иманға келмейді.

:159

/ Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Раббың бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді.

:160

Лұттың елі елшілерді өтірікшіге шығарды.

:161

Оларға ағайыны Лұт: «Сендер / Аллаһтың жазасынан / қорқып,сақтанбайсыңдарма?

:162

Ақиқатында мен сендерге сенімді бір Елшімін,

:163

енді Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар.

:164

Мен сендерден бүл үшін сыйақы сұрамаймын. Менің сыйым – әлемдердің Раббысында.

:165

Бүкіл әлемдердің ішінде сендер еркектермен жақындасып,

:166

өздеріңнің Раббың, сендер үшін жаратқан жұбайларыңды тастайсыңдар ма? Күмәнсіз, сендер шектен шыққан елсіңдер», - деді.

:167

Олар: «Ей, Лұт! Егер сен тоқтатпасаң, әлбетте, / елден қуып / шығарылғандардан боласың», - деді.

:168

Ол: «Әрине, мен сендердің істеріңнен жиіркенемін.

:169

Раббым! Мені және үй-ішімді олардың істеп жатқандарынан құтқар», - деді.

:170

Сонда Біз оны және оның үй ішінің барлығын құтқардық,

:171

тек, қалатындардың қатарындағы бір кемпірден басқасын.

:172

Содан кейін, басқаларын жойып жібердік.

:173

Әрі олардың үстіне жаңбыр жаудырдық. Ескертілгендердің жаңбыры неткен жаман!

:174

Әлбетте осыда / бұл хабарда / белгі-ғибрат бар. Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді.

:175

/ Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында Раббың әл-’Азиз / бәрінен Үстем / , әр-Рахим / ерекше Мейірімді / .

:176

Әйке тұрғындары елшілерді өтірікшіге шығарды.

:177

Сонда оларға Шұғайып: «Сендер қорықпайсыңдар ма?

:178

Ақиқатында мен сендерге сенімді бір Елшімін,

:179

енді Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар.

:180

Мен сендерден бұл үшін сыйақы сұрамаймын. Менің сыйым - әлемдердің Раббысында.

:181

Өлшеуді толық сақтаңдар, кемітушілерден болмаңдар,

:182

әрі тура таразымен тартыңдар,

:183

және адамдардың заттарын кемітіп бермеңдер әрі бұзу-бүлдірушілік жасап, жер бетіне таратпаңдар.

:184

Әрі сендерді және алғашқы ұрпақтарды жаратқаннан қорқыңдар», деді.

:185

Олар: «Шын мәнінде сен - сиқырланған адамдардың бірісің.

:186

Әрі сен бар болғаны біз сияқты адамсың. Біз сені сөзсіз өтірікшілерден деп ойлаймыз.

:187

Егер шын сөзділерден болсаң, үстімізге аспаннан бір бөлік түсір», - деді.

:188

Ол / Шұғайып / : «Раббым сендердің не істеп жатқандарыңды жақсы біледі»,- деді.

:189

Олар оны өтірікші санады. Сондықтан оларға көлеңкелі күннің азабы түсті. Негізінде ол - ұлы Күннің азабы еді.

:190

Әлбетте мұнда / осы хабарда / белгі-ғибрат бар. Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді.

:191

/ Ей, Мұхаммед / / Ақиқатында, Раббың бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді.

:192

Шын мәнінде, бұл / Құран / - әлемдердің Раббысының түсіргені.

:193

Оны сенімді Рух / Жәбірейіл / түсірді,

:194

ескертушілерден болуың үшін сенің жүрегіңе,

:195

анық араб тілінде / түсірді / .

:196

Әрі ол / жайлы / бұрынғылардың кітаптарында бар.

:197

Оны Исраил ұрпақтарының ғалымдары білуі, олар үшін / жеткілікті / дәлел болмады ма?

:198

Егер де оны араб емес, өзгелердің біріне түсіріп,

:199

ол оны оларға оқып берсе де, олар / бәрібір / оған сенуші болмас еді.

:200

Біз қылмыскерлердің жүректеріне оны / имансыздықты, қарсы келуді / осылай кіргіземіз.

:201

Олар күйзелтуші азапты көрмейінше, оған сенбейді.

:202

Ол / жаза / кенеттен, олар оны сезбеген күйлерінде келеді.

:203

Сонда олар: «Бізге бір мұрсат беріле ме?» - дейді.

:204

Олар Біздің азабымыздың тез болуын қалай ма?

:205

/ Ей, Мұхаммед! / Көрдің бе, егер олар­ды жылдар бойы пайдаландырсақ,

:206

содан кейін оларға, уәде етілген нәрсе келгенде,

:207

сол пайдаланып келгендері оларды құтқармайды.

:208

Біз ескертушіні жібермей тұрып, ешбір елді мекенді жойған емеспіз.

:209

/ Оларды / еске салу үшін / жібергенбіз / . Біз әділетсіздік жасаған жоқпыз.

:210

Әрі оны / Құранды / шайтандар алып түскен жоқ.

:211

Олар бұған лайықты емес әрі олар істей алмайды.

:212

Анығында, олар оны тыңдаудан шеттетілген.

:213

/ Ей, Мұхаммед! / Аллаһпен қатар өзге құдайды шақырма / басқадан тілеме / , олай етсең, азапқа салынатындардан боласың.

:214

Әрі жақын туыстарыңды сақтандырып, ескерт.

:215

Әрі өзіңе ерген имандыларға қанатыңды игін.

:216

Егер олар сені тыңдамаса: «Сендердің істеп жатқандарыңа менің қатысым жоқ», -де.

:217

Әрі бәрінен Үстем, ерекше Мейірімдіге жүгініп, Оған ісіңді тапсыр / тәуекел ет / .

:218

Ол сені / намазда / тұрғанында көріп тұрады,

:219

әрі сәжде етушілердің ішінде ауысу қимылдарын істегеніңді.

:220

Ақиқатында, Ол бәрін Естуші , бәрін Білуші.

:221

Шайтандардың кімге түсетіні туралы сендерге хабар берейін бе?

:222

Олар әрбір өтірікшіге,күнәһарға түседі.

:223

Олар естігендерін / адамдарға / тастайды / жеткізеді / , ал олардың көбі өтірікші.

:224

Әрі ақындарға адасушылар ереді.

:225

Көрмедің бе, олардың барлық алқаптарда беталды лағып жүргенін,

:226

әрі өздері істемейтінді айтатындарын.

:227

Алайда иманға келген және ізгі амал істегендер, Аллаһты көп еске алғандар және әділетсіздікке ұшырағаннан кейін өздерін қорғағандар бұдан бөлек. Ал, әділетсіздік істегендер өздерінің қайтып баратын жерлерін жақында біледі.