Бүкіл Ислам кітапханасы

23 - The Believers - Al-Mu'minūn

:1

Ақиқатында имандылар / мүміндер / жеңіске / бақытқа, мұраттарына / жетті.

:2

Олар намаздарында беріле бойсұнатындар,

:3

және олар пайдасы жоқ, бос нәрселерден бас тартатындар,

:4

және олар зекетті беретіндер.

:5

Әрі олар жыныс ағзасын қорғайтындар,

:6

тек жұбайлары мен қолдарындағы басыбайлы күңдерінен басқа. Бұлар үшін олар айыпталмайды,

:7

ал кім бұдан басқаны қалаушы болса, міне, солар - шектен шығушылар.

:8

Әрі олар аманаттарын / өздеріне сеніп тапсырылғанды / және келісімдерін сақтайтындар,

:9

және олар намаздарына мұқият қарап, орындайтындар.

:10

Міне, осылар мұрагерлер,

:11

Фирдаусты мұра етіп алып, ол жерде мәңгі қалатындар.

:12

Ақиқатында, Біз адамды / Адам атаны / лайдың негізінен жараттық.

:13

Кейін оны берік орынға орналасқан тамшы / ұрық су / еттік.

:14

Содан кейін тамшыны ұйыған қан етіп жараттық, ұйыған қанды бір тілім / шайналған секілді / ет етіп жаратып, / шайналған секілді / етті сүйектер етіп жараттық, сүйектерді етпен қаптадық. Содан кейін оны өзге жаратылыспен жараттық. Жасап шығарушылардың ең жақсысы Аллаһ - аса Берекелі.

:15

Осыдан соң сендер / туылып / ,кейін әлбетте өлесіңдер.

:16

Содан кейін сендер Қайта тірілу күні қайта тірілесіңдер.

:17

Ақиқатында Біз үстеріңнен жеті қабатты жараттық. Біз жаратылғандардан ғапыл / қапы қалушы / емеспіз.

:18

Біз аспаннан суды белгілі мөлшермен түсіріп, оны жерге орналастырдық. Әрі оны Біз кетіре де аламыз.

:19

Біз онымен сендерге құрма және жүзім бақтарын өсірдік. Сендер үшін оларда / бақтарда / көп жемістер бар әрі сендер олардан жейсіңдер.

:20

Әрі Синай тауында өсетін ағашты да / зәйтүнді өсірдік / . Одан жеушілер үшін май және / дәм беретін / дәмдеуіш шығады.

:21

Ақиқатында сендер үшін малдар да ғибрат бар. Сендерге олардың іштеріндегін / сүтті / ішкіземіз. Оларда сендер үшін коп пайда бар әрі олардан азықтанасыңдар.

:22

Әрі сендер оларда және кемелерде тасымалданасыңдар.

:23

Біз Нұхты өзінің еліне / Елші етіп / жібердік. Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ. Сонда сендер Оның жазасынан қорқып, сақтанбайсыңдар ма / тақуалық етпейсіңдер ме? / »- деді.

:24

Сонда оның елінің күпірлік еткен / Аллаһтың бірліген мойындамаған / мансап, бедел иелері: «Бұл - бар болғаны өздерің сияқты адам. Ол сендерден үстем болуды қалайды. Егер Аллаһ қалағанда, періштелер түсіретін еді. Мұндайды бұрын өткен аталарымыздан естімеппіз.

:25

Бұл - бір жын соққан адам ғана. Бір уақытқа дейін онымен бірге күте тұрыңдар», -деді.

:26

Ол / Нұх / : «Раббым! Оларменіөтірікшіге шығарғандықтары үшін маған жәрдем бер!» - деді.

:27

Сонда оған: «Біздің көз алдымызда және уахиымыз / үйретуіміз / бойынша кеме жаса. Ал, қашан әміріміз келіп, тандырдан су бұрқылдап атылып шыққанда, оған / кемеге / әрбір түрден бір жұптан әрі отбасыңды және өздеріне алдын ала Сөзіміз өткендерден басқасын кіргіз. Әділетсіздік еткендер жайын­да Маған сөз айтпа / сұрама / . Олар - суға батырылатындар», - деп уахи еттік.

:28

Сен және сенімен бірге болғандар кемеге мініп жайғасқан кездеріңде: «Барлық мақтау, бізді әділетсіз елден құтқарған Аллаһқа болсын!» - деп айт.

:29

Тағы да айт: «Раббым! Мені берекелі орынға түсір. Орын берушілердің ең қайырлысы - Өзіңсің», - деп.

:30

Анығында Мұнда белгі-ғибраттар бар. Ақиқатында Біз сынаймыз.

:31

Кейін, олардан соң басқа халықтарды пайда еттік.

:32

Оларға өз іштерінен Елші жіберіп, ол: «Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ, Оның жазасынан қорқып, сақтанбайсыңдар ма / тақуалық етпейсіңдер ме / ?»- деді.

:33

Оның елінен күпірлік еткен / Аллаһқа қарсы келген / және соңғы, мәңгілік өмірдегі / ақиреттегі / кездесуді өтірік санаған әрі өздерін осы өмірде Біз сән-салтанат, рахатқа кенелткен мансап, бедел иелері: «Бұл - бар болғаны өздерің сияқты, сендердің жегендеріңді жеп, ішкендеріңді ішетін адам.

:34

Егер өздерің сияқты бір адамға бағынсаңдар, онда сендер сөзсіз зиян шегесіңдер.

:35

Ол сендерге: «Сендер өліп, топырақ пен сүйекке айналғандарыңда, әлбетте / қайта тірілтіліп / шығарыласыңдар», - деп уәде ете ме?

:36

Сендерге уәде етілген нәрсе алые, тым ұзақ!

:37

Осы өмірімізден басқа / ешнәрсе / жоқ. Өлеміз, өмір сүреміз, бірақ қайта тірілмейміз.

:38

Ол - бар болғаны Аллаһ жайында ойынан өтірік шығарған бір адам ғана. Біз оған сенбейміз», - деді.

:39

Ол / Елші / : «Раббым! Олар мені өтірікшіге шығарғандықтары үшін маған көмек бер!» - деді.

:40

Ол: «Бір аз ғанадан соң, олар өкінушілерге айналады», - деді.

:41

Сонда оларды сайха алып, Біз оларды / ағынсудағы секілді / қоқымға айналдырдық. Әділетсіз ел / Аллаһтың мейірімінен / алыстатылсын!

:42

Кейін олардан соң басқа қауымдарды пайда еттік.

:43

Ешбір ел / өзіне белгіленген / мерзімінен оза алмайды әрі оны артқа да қалдыра / кешіктіре / алмайды.

:44

Содан кейін елшілерімізді арасын үзбей, бірінен соң бірін жібердік. Әрбір халыққа өз Елшісі келген сайын, олар оны өтірікке шығарып отырды. Сонда оларды бірінің соңынан бірін / құртып / жібердік әрі оларды аңыз-әңгімелерге айналдырдық. Иманға келмейтін ел / Аллаһтың мейірімінен / алыстатылсын!

:45

Кейін Біз, Мұса мен оның бауыры Һарұнды белгі-мұғжизаларымызбен және анық дәлелмен жібердік,

:46

Фиръаунға және оның уәзір, бектеріне. Алайда олар өздерін жоғары санап тәкаппарланды. Өйткені олар менменшіл ел еді.

:47

Сонда олар: «Елі бізде құлдықта жүрген, өзіміз сияқты осы екі адамға сенеміз бе?» - деді.

:48

Олар ол екеуін өтірікшіге шығарды да, сөйтіп жойылғандардан болды.

:49

Әрі Біз Мұсаға олар / елі / тура жолмен жүруі үшін Кітап / Тәуратты / бердік.

:50

Сондай-ақ Мәриямның ұлы мен оның анасын бір белгі-мұғжиза еттік. Әрі ол екеуіне бұлағы бар жайлы төбелі жерден пана бердік.

:51

Ей, елшілер! Таза / халал / нәрселерден жеңдер және ізгі амал істеңдер. Ақиқатында, Мен - не істеп жатқандарыңды Білушімін.

:52

Негізінде сендердің үмметтерің бір үммет, ал Мен - сендердің Раббыңмын, сондықтан тақуалық етіңдер / Менің жазамнан қорқып, сақтаныңдар /

:53

Ал, олар / имансыздар / араларында істерін / діндерін / бөліктерге бөлді. Әрбір / бөлінген / ағым өздеріндегіге мәз болуда.

:54

Оларды бір мерзімге дейін адасуларында қалдыр.

:55

Олар ойлайды ма, Біздің өздерін дүние және балалармен / сынақ үшін / қамтамасыз етуімізді,

:56

олар үшін жақсылықтармен асыққанымыз деп. Олай емес. Олар оны / сынағымызды / сезбейді.

:57

Ақиқатында Раббысынан қорыққандықтан зәресі ұшып тұратындар,

:58

әрі Раббысының аяттарына сенетіндер

:59

және Раббысына серік қоспайтындар,

:60

әрі өтегендерін өтеп, өздерінің Раббысына қайтатын болғандықтан жүректері қорқатындар,

:61

міне, осылар жақсылықтарды істеуде алдында болуға ұмтылады әрі олар онда / жақсы істерде / озық болады.

:62

Әрі Біз әрбір жанға шамасы келетін нәрсені ғана жүктейміз. / Күші келмейтін істі міндеттемейміз / Бізде ақиқатты айтушы Кітап бар, әрі оларға әділетсіздік жасалмайды.

:63

Алайда, олардың / қарсы келушілердің / жүректері бұдан / Құраннан / ұзақ / қатты / адасуда. Олардың бұдан басқа да амалдары бар, олар соны істейді.

:64

Ал, қашан Біз олардың сән-салтанат, рахатта шалқып жүргендерін азаппен ұстағанымызда, олар зар илейді.

:65

/ Оларға / Бүгін зарламаңдар, сендерге Бізден жәрдем берілмейді.

:66

Менің аяттарым сендерге оқылатын еді, алайда сендер сонда арттарыңа қарап кері кеттіңдер,

:67

онымен / Қағбамен / менменсіп, түнгі әңгімелерінде жаман сөздер сөйледіңдер.

:68

Олар Сөзге / Құранға / зер салып қарамады ма? Әлде оларға бұрынғы ата-бабаларына келмеген нәрсе келді ме?

:69

Әлде олар өздерінің арасынан шыққан Елшісін білмейтін бе еді, сондықтан оны теріске шығаруда ма?

:70

Әлде олар оны жын соқты дей ме? Ақиқатында, ол оларға ақиқатты әкелді, бірақ олардың көпшілігі ақиқатты ұнатпайды.

:71

Егер де ақиқат олардың көңіл құмарлығына ергенде, аспандар мен жер және ондағы бар нәрселер бүлініп кетер еді. Біз оларға өздері онда Еске алынғанды / Құранды / бердік, бірақ олар өздері Еске алынғаннан / Құраннан / бас тартуда.

:72

Әлде сен олардан ақы сұраудасың ба? Раббыңның беретін сыйы одан қайырлы және Ол - ризық берушілердің ең қайырлысы.

:73

Әрі шын мәнінде, сен оларды тура жолға шақырудасың.

:74

Ал, соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндер міндетті түрде жолдан ауытқиды.

:75

Егер де Біз оларға рахым етіп, зияннан айықтырсақ та олар көзсіз сенделуін жалғастырып, шектен шығуларынан қайтпайтын еді.

:76

Әрі Біз оларды азаппен жазаладық, бірақ олар өздерінің Раббысына бағынбады және Оған жалынып, сұрамады.

:77

Ал, оларға қатты азаптың есігін ашқанымызда, сол сәтте олар күдер үзеді.

:78

Әрі Ол / Аллаһ / , сендер үшін естуді, көруді, жүректерді пайда қылды. Ал, сендер аз шүкір етесіңдер / Оның берген игіліктеріне аз алғыс білдіресіңдер / .

:79

Әрі Ол сендерді жер бетіне таратты және сендер Оған / Есеп күні / жиналасыңдар.

:80

Әрі Ол - тірілтеді және өлтіреді. Түн мен күндіздің алмасуы Оның иелігінде. Ақылдарыңды істетіп ұғынбайсыңдар ма?

:81

Алайда, олар бұрынғылардың айтқан сөздеріне ұқсас нәрсені айтады.

:82

Олар: «Біз өліп, топырақ және сүйектерге айналған кезімізде, қайтадан тірілтілеміз бе?

:83

Бұл бізге де және біздің аталарымызға бұрын да уәде етілген еді. Бұл бар болғаны бұрынғылардың ертегілері ғана», - деді.

:84

/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер білсеңдер, жер және ондағылар кімдікі?» - деп.

:85

Олар: «Аллаһтікі», - дейді. Айт: «Ендеше, естеріңе алмайсыңдар ма?»- деп.

:86

Айт: «Жеті аспанның Раббысы және ұлы Аршының Раббысы кім?» - деп.

:87

Олар: « / Барлығы да / Аллаһтікі»,- дейді. Айт: «Ендеше Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанбайсыңдар ма / тақуалық етпейсіңдер ме / ?»- деп.

:88

Айт: «Барлық нәрсенің иелігі кімнің қолында болған әрі Өзі қорғайтын және Одан ешқандай қорғаныс болмайтын / кім / ? Егер білсеңдер / айтыңдар / », - деп.

:89

Олар: «Аллаһтың», - дейді. Айт: «Қаншалықты алданудасыңдар / көздерің байланып қалған / »-деп.

:90

Иә, Біз оларға ақиқатты келтірдік, ал олар мүлде өтірікшілер.

:91

Аллаһ Өзіне ешбір бала алмады әрі Онымен бірге ешқандай құдай болған жоқ. Егер болған жағдайда, әрбір құдай Өзі жаратқандарын алып кетер еді, әрі міндетті түрде олар бір-біріне үстемдік ететін еді. Аллаһ олардың / Оған / таңғандарынан пәк.

:92

Ол - ғайыпты да, айқын нәрсені де Білуші. Ол / Аллаһ / олардың серік етіп қосқандарынан жоғары.

:93

/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Раббым! Егер оларға уәде етілгенді маған көрсетсең,

:94

Раббым, онда мені әділетсіз адамдардың ішінде қалдырма!» - деп.

:95

Анығында оларға уәде еткенімізді саған көрсетуге Біздің құдіретіміз жетеді.

:96

Жамандықты одан жақсы нәрсемен кетір. Біз олардың не қосып, не таңатын дарын жақсы білеміз.

:97

/ Ей, Мұхаммед! / Әрі айт: «Раббым! Шайтандардың мені арбап, азғыруынан Өзіңе жүгініп, қорғауыңды сұраймын.

:98

Раббым! Олардың жаныма келуінен Саған жүгініп, қорғауыңды сұраймын», - деп.

:99

Олардың / күпірлік етушілердің / біріне өлім келген кезде, ол: «Раббым! Мені артқа қайтар.

:100

Мүмкін, кезінде қалдырған ізгі амалдарды істермін», - дейді. Жоқ, олай емес! Шын мәнінде, бұл ол айтқан жай сөз ғана. Олардың алдында қайта тірілтілетін күнге дейін бөгет бар.

:101

Сүр үрілгенде, сол күні олардың арасында туыстық қатынас болмайды және олар бір-бірі жайында сұраспайды.

:102

Сонда кімнің таразысы ауыр тартса, міне, солар - мұратына жеткендер.

:103

Ал кімнің таразысы жеңіл тартса, солар - өздеріне зиян келтіргендер, олар Жаһаннамда мәңгі қалады.

:104

Олардың беттерін от шарпиды және олар түнерген / сұрықсыз / күйде болады.

:105

/ Оларға / : «Сендерге аяттарым оқылған жоқ па еді, бірақ сендер оны өтірікке шығардыңдар», / -делінеді / .

:106

Олар: «Раббымыз! Бақытсыздығымыз бізден үстем келді, біз адасқан бір ел болдық.

:107

Раббымыз! Бізді бұдан шығар, егер / имансыздыққа, күнәға / қайтар болсақ, әлбетте әділетсіз болған боламыз»,- дейді.

:108

/ Оларға / : «Ол жерде қор болып қалыңдар әрі Маған тіл қатпаңдар.

:109

Анығында, Менің құлдарымнан бір тобы: «Раббымыз! Біз иманға келдік, бізді кешір, бізге мейірім ет, Сен мейірім етушілердің ең қайырлысысың», - деген еді.

:110

Сонда сендер оларды келеке еттіңдер, тіпті, / бұл істерің / сендерге Мені еске алуды ұмыттырды. Әрі сендер олардың үстінен күлетін едіңдер.

:111

Мен бүгін оларға сабыр еткендіктері үшін қайтарым сыйын бердім. Расында, олар - жетістікке жетушілер», - дейді.

:112

/ Тозақтықтарға / : «Жер бетінде қанша жыл болдыңдар?» - дейді.

:113

Олар: «Бір күн немесе күннің бір бөлігі болдық. Есеп жүргізушілерден сұра», - дейді.

:114

Ол: «Сендер аз ғана болдыңдар, егер білген болсаңдар!

:115

Сонда сендер Біз өздеріңді бостан-бос, / ермек етіп / жаратты, әрі Бізге қайтарылмаймыз деп ойладыңдар ма?» - дейді.

:116

Әл-Мәлик / барлық нәрсенің шын Билеушісі / , әл-Хақ / күмәнсіз Ақиқат / Аллаһ аса жоғары. Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол Ұлы Аршының Раббысы / Иесі / .

:117

Кім Аллаһпен бірге - / құдай екендігі жайында, / өзінде ешбір дәлелі болмаған басқа бір құдайдан тілесе, оның есебі тек Раббысында. Анығында, кәпірлер мұратына жетпейді.

:118

/ Ей, Мұхаммед!I Айт: «Раббым! Кешір, рақым ет! Сен мейірім етушілердің ең қайырлысысың», - деп.