113 - The Daybreak - Al-Falaq
:1
/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Таңның Раббысына / Иесіне / сиынып, қорғауын тілеймін,
:2
жаратқан нәрселерінің жамандығынан,
:3
әрі қараңғылықтың жамандығынан, ол жапқан кезде,
:4
және түйіндерге үрлеушілердің жамандығынан,
:5
әрі хасадшының қызғанған / хасад қылған / кездегі жамандығынан.