Бүкіл Ислам кітапханасы

109 - The Disbelievers - Al-Kāfirūn

:1

/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ей, кәпірлер!

:2

Сендердің құлшылық еткен / табынған / нәрселеріңе мен құлшылық жасамаймын / табынбаймын / ,

:3

сендер де мен құлшылық еткенге / Аллаһқа / құлшылық етуші емессіңдер.

:4

Әрі мен сендердің құлшылық еткен / табынған / нәрселеріңе құлшылық жасаушы емеспін,

:5

және сендер де мен құлшылық жасағанға құлшылық етуші емессіңдер,

:6

сендерге - сендердің діндерің, ал, маған - менің дінім», - / деп. /